8(7172) 25-65-09, 8(7172) 25-64-09 | г.Нұр-Сұлтан, ул.Халел Досмухамедулы 90

14 тамызда  «Мемлекеттік қызметкерлерді қайта дайындайтын және біліктілігін көтеретін өңірлік орталық» МКҚК  отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші Сарсекеева Юлия  «Таңдау бойынша фотосуретті қарап, өзіңді немесе жұбыңды қалай жақсы тануға болады» тренингтін өткізді.

2013 жылы 13 тамызда Отбасылық тәрбиелеу институтында Қостанай облысынан келген қонақтармен, отбасы мәртебесін нығайту, тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін, соның ішінде, отбасылық тәрбиелеу мәселелерін де шешуде көмек пен қолдау көрсету саласында жұмыс істейтін, ауылдық жерлердің үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен кездесу өтті.

Отбасылық тәрбиелеу институтының директоры  Набитовская Любовь Николаевна облыстан келген делегацияны ұйымның қызметімен таныстырды, институттың республикалық деңгейде атқаратын жобаларының және бағдарламаларының маңыздылығына назар аударды.

2013 жылғы 9 тамызда Отбасылық тәрбиелеу орталығы Астана қаласы №2 Периниталдық Орталығы қызметкерлерімен кездесу өткізді, онда өзінің ұйымының және Астана қаласындағы Отбасылық тәрбиелеу орталығының тұсаукесерін жасады. Периниталдық Орталықтың Бас дәрігері Оразбаева Гүлфайруз Ғалымқызы Отбасылық тәрбиелеу орталығының директоры Набитовская Любовь Николаевнаны таныстырып, оған сөз берді.

Қазіргі кезде заманауаи БАҚ баланың психикалық дамуына нашар әсер етеді, заманауи мультфильмдер баланың психикасын бұзады деген көптеген әңгімелер айтылып жүр. Құнсыз сериалдарды көру, жасөспірімнің шынайы мақсаттарынан және әсерлерінен адасуына мәжбүрлейді.    

2012 жылы 7 тамызда өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында Институт түлектерімен, еріктілермен кездесу өтті. Сондай-ақ бұл күні «Отбасыдан қымбат не болуы мүмкін?» кең ауқымды Республикалық әлеуметтік маңызды акцияның қорытындысы бойынша институттың алғыс хаттары табыс етілді, оған Астана қаласында тұратын біздің институт түлектері белсенді атсалысты.

Қазіргі кезде психологтың кеңесін көптеген адамдар қажет етеді, бірақ олардың көбі маманға жеке барып, бейтаныс адамға, өзінің күйзелістері, эмоциялары мен проблемалары туралы айтып беруге дайын емес. «Жедел психологиялық көмек желісі»  бұл – телефон байланысын- жедел телефон көмегін пайдалану арқылы, нөмірді теріп, өзіңнің проблемаларыңды талқылап, өмірдегі дағдарысты сәттерді жеңудің жолдарын іздеу бойынша ұсыныстар мен түсініктемелер алуға, өзіңнің проблемаларыңды талқылауға болатын, әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету түрлерінің бірі. 

жоғары