8(7172) 25-65-09, 8(7172) 25-64-09 | г.Нұр-Сұлтан, ул.Халел Досмухамедулы 90

2013 жылғы 11 мамырда Гуманитарлық-техникалық лицейде, 8 сынып оқушыларына (35 адам), Отбасылық тәрбиелеу орталығының жетекшісі, отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші Сәрсекеева Юлия Ивановна «Жасөспірімнің тұлғалық өсуінің дамуы»  тренингін өткізді.

Екібастұз қаласында 28 сәуір-12 мамыр аралығында Отбасылық тәрбиелеу орталығы, «Қайнар» білім беру-демалыс кешені негізінде, Екібастұз қаласы әкімі жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат істері жөніндегі комиссияның және Екібастұз қаласы әкімдігінің Білім беру бөлімінің қолдауымен, «Отбасының әнұраны» марафон-эстафетасы өтті.

2013 жылғы 27 сәуірде Политехникалық колледжде, отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші, Қарағанды қаласы Отбасылық тәрбиелеу орталығының жетекшісі Күленова  Салтанат  Жұмабайқызы «Қазіргі заманғы қазақ отбасындағы әдет-ғұрыптар және салт-дәстүрлер» тақырыбында тренинг өткізді.

«Балалар-ата-аналар жанжалдары. Алдын алу және оларды оң реттеу». 

2013   жылғы 22 мамырда Қарағанды қаласының Отбасылық тәрбиелеу орталығының жетекшісі Күленова Салтанат  Жұмабайқызы, Қарағанды облысы Нұра ауданы Балаларды құқық қорғау департаментімен және Білім беру басқармасымен бірлесіп, ҚР Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси курсы» Жолдауын жүзеге асыру аясындағы көшпелі әдістемелік күнге қатысты.

Қарағанды қаласы Отбасылық тәрбиелеу орталығының жетекшісі, отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші Күленова  Салтанат  Жұмабайқызы 2013 жылғы 14 наурызда «Баланың тәрбиесіндегі, ананың рөлі» тақырыбында тренинг өткізді.

Тренингте «Отбасылық тәрбиелеу» және «Қалайша жақсы ата-ана болуға болады» әдістемелік құралдарының тұсаукесері өтті.

   2013 жылғы 20 сәуірде Қарағанды қаласының Отбасылық тәрбиелеу орталығының жетекшісі  Күленова Салтанат Жұмабайқызы, Қарағанды қаласының №91 мектебінің ата-аналарына «Әке баланың өмірінде: оның рөлі және ықпалы» тақырыбында тренинг өткізді.

жоғары