«Балалар-ата-аналар жанжалдары. Алдын алу және оларды оң реттеу». 

2013   жылғы 22 мамырда Қарағанды қаласының Отбасылық тәрбиелеу орталығының жетекшісі Күленова Салтанат  Жұмабайқызы, Қарағанды облысы Нұра ауданы Балаларды құқық қорғау департаментімен және Білім беру басқармасымен бірлесіп, ҚР Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси курсы» Жолдауын жүзеге асыру аясындағы көшпелі әдістемелік күнге қатысты.

 

Салтанат Жұмабайқызы ата-аналарға  «Балалар-ата-аналар жанжалдары. Алдын алу және оларды оң реттеу» тақырыбында тренинг өткізді.

Тренинг жоғары деңгейде өтті және ата-аналарға қатты ұнады. Қазіргі кезде отбасыларда да, жұмыста да, көптеген жанжалды жағдайлар болатыны ешкімге құпия емес. Көптеген ата-аналар өз-өздерін ұстай алмайды, қайта айналып келмейтін қылықтарға барады.  Жанжалды жағдайларға ұшырамас үшін, өз-өзімен жұмыс жасап, ұстамды, жанжалқор емес болуға үйрену керек, бұл тұрғыда, олар ата-аналарға тренингтер барысында беретін, отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесшілердің білімі көмектеседі, осылайша ата-аналардың педагогикалық мәдениеттері көтеріледі.

 

Ақпаратты дайындаған:

А.О. Өмірова – Отбасылық тәрбиелеу институтының бас маманы.

Жұмыс телефоны: 8(7172) 94-99-61