Қарағанды қаласы Отбасылық тәрбиелеу орталығының жетекшісі, отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші Күленова  Салтанат  Жұмабайқызы 2013 жылғы 14 наурызда «Баланың тәрбиесіндегі, ананың рөлі» тақырыбында тренинг өткізді.

Тренингте «Отбасылық тәрбиелеу» және «Қалайша жақсы ата-ана болуға болады» әдістемелік құралдарының тұсаукесері өтті.

 

Тренинг барысында аталарға, аналар туралы өлеңдер оқылды, «Жақсы ананың белгілері» тұсаукесері ұсынылды, оқиғалар ойналды, «Алақандардан жасалған түймедақ гүлі» жаттығуы жасалды, тренингтің соңында ата-аналарға «Қалайша жақсы ана болуға болады» жадынамалары мен ұсыныстары таратылды.

Тренингтер аналарға қатты ұнады, өйткені, өкінішке орай, «ана» деп аталатындар, кейде өз балаларын қоқыс жәшігіне тастайтын жағдайлар да кездеседі емес пе!?

Аналарға не болған? Әсіресе, жас аналарға? Қазіргі кезде жас ата-аналармен, «Қалайша жақсы ана болуға болады», «Бала тәрбиесіндегі, ананың рөлі» сиқты тақырыптарды тыс қалдырмай,  отбасылық тәрбиелеу бойынша тренинг-сабақтар өткізудің қажеттігі туды, осы міндетті біздің Қарағанды қаласы Отбасылық тәрбиелеу орталығының психологтары атқарып отыр.

 

Ақпаратты дайындаған:

А.О. Өмірова – Отбасылық тәрбиелеу институтының бас маманы.

Жұмыс телефоны: 8(7172) 94-99-61.