2013 жылғы 27 сәуірде Политехникалық колледжде, отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші, Қарағанды қаласы Отбасылық тәрбиелеу орталығының жетекшісі Күленова  Салтанат  Жұмабайқызы «Қазіргі заманғы қазақ отбасындағы әдет-ғұрыптар және салт-дәстүрлер» тақырыбында тренинг өткізді.

Салтанат  Жұмабайқызы қазіргі заманғы қазақстандық отбасындағы еркек пен әйелдің өзара қарым-қатынасы туралы айтты, әдетте ол өзара махаббатқа, сыйластыққа, сенімге, өзара көмекке және қолдауға негізделуі керек.

Тренингте «Теңгерім дөңелегі» жаттығуы өткізілді, ол ата-аналарға өздерінің отбасылық өмірінің түрлі салаларына, қандай деңгейде қанағаттанатындықтарын түсінуге көмектесті.

Салтанат  Жұмабайқызы ата-аналарға әр отбасында орындауы тиісті, 8 негізгі отбасылық функциялар туралы әңгімеледі. Тренинг жағымды жағдайда өтті.

 

Ақпаратты дайындаған:

А.О. Өмірова – Отбасылық тәрбиелеу институтының бас маманы.

Жұмыс телефоны: 8(7172) 94-99-61.