Екібастұз қаласында 28 сәуір-12 мамыр аралығында Отбасылық тәрбиелеу орталығы, «Қайнар» білім беру-демалыс кешені негізінде, Екібастұз қаласы әкімі жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат істері жөніндегі комиссияның және Екібастұз қаласы әкімдігінің Білім беру бөлімінің қолдауымен, «Отбасының әнұраны» марафон-эстафетасы өтті.

Марафонға қала мен ауылдардың 108 шығармашылық отбасылары қатысты, 43 отбасы – 8 номинация бойынша марафон жүлдегерлері атанды.

15 наурызда «Қайнар» ОМС Халықаралық Отбасы Күніне арналған, Отбасылық шығармашылық фестивалінде, «Отбасының әнұраны» марафон-эстафетасын өткізудің қорытындылары бойынша, Екібастұз өңірінің шығармашылық отбасыларын құрметтеу және марапаттау болды.