«Жасөспірімдердің өмірлік құндылықтарының мониторингі және бағалау»

Тестілеу «Жасөспірімдердің өмірлік құндылықтарының мониторингі және бағалау» бағдарламасын зерттеу курсы бойынша жасалған. Тестілеудің нәтижелері құпия және деректерді статитикалық талдау үшін ғана пайдаланылады. Жүйенің осы нұқасында респондетке тестің төрт түрі ұсынылады:

  • «И.Ф.Марковскаяның «Ата-аналардың, жасөспірімдермен (жасөспірімдердің, ата-аналарымен) өзара әрекеттестік тесті».
  • «Д.А.Леонтьевтің «Өмір мағыналық бағдарлар тесті»
  • «Ю.В.Котляковтің «Өмірлік мағыналарды анықтау тесті»
  • «Тұлғаның типін анықтау тесті»

Тест –  балалар-ата-аналардың бір параматерлерін өлшейтін, балаларға және ата-аналарға арналған, екі параллельді сауалнамасы бар, И.Ф.Марковскаяның әдістемесіне негізделген. Сауалнамаларды толтырған кезде, ата-аналарға және балаларға, әр мақұлдауды келісу деңгейін, 5 балдық жүйе бойынша бағалау ұсынылады:

5 балл — шүбәсіз, иә (аса күшті келісу); 4 балл — жалпы, иә; 3 балл — иә да, жоқ та; 2 балл — иәға қарағанда, дұрысы, жоқ болар; 1 балл — жоқ (мүлдем келіспеу).
  Әрі, жасөспірімдер, анасы үшін және әкесі үшін жеке балдар қойып, әр ата-ана үшін мақұлдауды бағалайды. Сұрақтардың саны -60, ата-аналар үшін тестке арналған уақыт – 25 минут және балаларға арналған уақыт - ата-аналар үшін тестке арналған уақыт – 25 минут және балаларға арналған уақыт -30 минут.

Келесі 10 шкала нәтиже болып табылады:

  • Ата-ананың талапшыл еместігі талапшылдығы.
    Бұл шкаланың деректері, ата-ананың, баламен өзара әрекеттестігінде көрінетін,  ата-ананың талапшылдық деңгейін көрсетеді. Бұл шкаладағы көрсеткіш қаншалықты жоғары болса, ата-ана соншалықты талапшыл, ол баладан жауапкершіліктің жоғары деңгейін соншадықты күтеді.
    2. Ата-ананың жұмсақтығы- қаталдығы.
     Бұл шкаланың нәтижелері бойынша, ата-аналар мен балаар арасында орнатылған ережелердің қатаңдығы туралы,  балаларға қатысты қолданылатын, шаралардың қаттылығы, қаталдығы туралы, баланы бір нәрсеге мәжбүрлеу деңгейі туралы пікір айтуға болады.
  • 3. Балаға қатысты дербестік – бақылау.
    Осы шкала бойынша көрсеткіштер қаншалықты жоғары болса, балаға қатысты бақылаушы мінез-құлық, соншалықты айқын көрінеді. Жоғары бақылау ұсақ-түйек қамқорлықтан, беймазалықтан, шектеуге ұмтылудан көрінеді; балаға қатысты немқұрайлы қатынастың  не  сүйсіну салдарынан болуы мүмкін, төменгі бақылау, баланың толық дербестігіне, жүгенсіздігіне алып келуі мүмкін. Сонымен қатар, төменгі бақылау, балаға деген сенімнің пайда болуымен немесе ата-ананың оған дербестікті дағдыландыруға ұмтылуына да байланысты болуы мүмкін.
    4. Баланың ата-анасына деген эмоционалдық қашықтығы — эмоционалдық жақындығы.

Бұл шкала ата-ананың, оған өз баласының жақындығы туралы ұғымын көрсететіндігіне айрықша назар аудару керек. Бұл шкаланы осылай түсіндіру, ол бойынша балалар, өзінің ата-анасына жақындығын, өзінің құпиясымен және маңызды ақпаратымен ата-анасымен бөлісуге деген қалауын бағалайтын, сауалнаманың айналы түрінен туындаған. Ата-ананың деректерін және баланың деректерін салыстыра отырып, ата-ананың ұғымының дәлдігі туралы, оған деген баласының жақындығын асыра бағалауы немесе жеткіліксіз бағалауы туралы пікір айтуға болады.

  • 5. Ата-ананың баласын шеттетуіқабылдауы.
    Бұл шкала ата-ананың баласына деген негізгі қатынасын, оның өз баласының тұлғалық қасиеттері мен мінез-құлық көріністерін қабылдауы немесе шеттетуі көрсетеді.

Баланы тұлға ретінде қабылдау, баланың аман-есен дамуының, оның өзін-өзі бағалауының маңызды шарты. Балалар ата-аналарының мінез-құлықтарын қабылдаушы немесе шеттетуші деп қабылдайды.
6. Ынтымақтастықтың болуы — ынтымақтастықтың болмауы.
  Ата-аналар мен балалар арасындағы ынтымақтастықтың болуы, өзара әрекеттестіктің сипатын жақсы көрсетеді. Ынтымақтастық – баланың өзара әрекеттестікке енгізілгендігінің салдары, оның құқықтары мен қасиеттерін мойындау болып табылады. Ол ата-аналардың және балалардың қатынасындағы теңдік пен серіктестікті бейнелейді.

Ынтымақтастықтың болмауы – бұзылған қатынастардың, тәрбиелеудің авторитарлық, немқұрайлы немесе салғырттық
стилдерінің нәтижелері болуы мүмкін.

  • 7. Бала мен ата-ана арасындағы келіспеушілік — келісімділік.
    Бұл шкала да ата-аналар мен балалардың өзара әрекеттестігінің сипатын және әртүрлі өмір жағдайларында олардың арасындағы келісімнің жиілігі мен деңгейін сипаттайды.

Сауалнаманың балаларға және ересектерге арналған екі түрін пайдалана отырып, осы шкала бойынша ғана келісім деңгейін ғана бағаламай, сонымен қатар. Басқа да шкалалар бойынша бағалауға болады, өйткені олардың арасындағы айырмашылық, отбасындағы тәрбиелеу жағдайына қатысты, баланың және ата-ананың көзқарастарындағы айырмашылықтар туралы пікір айтуға мүмкіндік береді.

  • 8. Ата-ананың дәйексіздігі — дәйектілігі.
    Ата-ананың дәйектілігі – өзара әрекеттестіктің маңызды параметрі болып табылады, бұл шкалада, ата-ана өзінің талабында, өзінің балаға деген қатынасында, жазалауды және ынталандыруды қолданғанда және т.с.с. қаншалықты дәйекті және тұрақты екендігі көрінеді. Ата-аналардың дәйексіздігі, эмоционалдық қызбалықтың, тәрбиелеу сенімсіздігінің, балаға деген шеттету қатынасының және т.с. салдары болуы мүмкін.
  • 9. Ата-ананың беделділігі.
    Бұл шкаланың нәтижелері, ата-ананың балаға ықпалының саласындағы өзін-өзі бағалауын, оның пікірлерінің, қылықтарының, әрекеттерінің балаға қаншалықты беделді болып табылатындығын, оның ықпалының күші қандай екендігін көрсетеді. Баланың деректерімен салыстыру, ата-ана беделін бағалаудағы айырмашылықтардың деңгейі туралы пікір айтуға мүмкіндік береді. Балалар ата-анасының беделдігі туралы жоғары баға берген кезде, онда бұл көбіне, ата-анаға қатысты айқын жағымды қатынасты білдіреді, сондықтан да бұл шкала бойынша көрсеткіштер,  келесі -10 шкаладағы көрсеткіштер сияқты, баланың, ата-анаға қатысты жағымды-теріс қатынастарын диагностикалау үшін өте маңызды.
  • 10. Баланың ата-анасының қатынасына қанағаттанушылығы.
    10 шкаланың деректері бойынша, ата-ана мен балалар арасындағы қанағаттанушылықтың жалпы деңгейі туралы, екі жағынан да пікір айтуға болады. Қанағаттанушылықтың төменгі деңгейі, ата-аналар-балалар қатынасы құрылымындағы бұзушылықтар, ықтимал жанжалдар туралы немесе отбасылық жағдайда қалыптасқан алаңдаушылықтар туралы мәлімдейді.

Д.А.Леонтьевтің «Өмір мағыналық бағдарлар тесті»

Леонтьевтің тестінің бейімделген нұсқасы болып табылады. Сұрақтардың саны - 20, тестіге берілген уақыт – 20 минут. Қарама-қарсы пікірлердің жұбы жүйелі түрде ұсынылады. Сіздің міндетіңіз – екі пікірдің ішінен, Сіздің пікіріңізше, шындыққа барынша сәйкес келетін, бірін таңдау керек және таңдау барысындағы Өзіңіздің сенімділігіңізге қарай, 1, 2, 3 сандарының бірін белгілеу керек (егерде Сіздің пікіріңізше, екі пікір де бірдей дұрыс деп санасаңыз, 0).

«Мақсаттар», «Үдеріс», «Нәтиже», «Бақылау локусы – Мен», «Бақылау локусы – өмір», «ӨБ жалпы көрсеткіштері» шкалаларының мағыналары, тестілеудің нәтижелері болып табылады.

  • 1. Өмірдегі мақсаттар.
    Бұл шкала бойынша бойынша балдар, өмірге зерделілік, бағыттылық және уақытша келешектік беретін, сыналушының өміріндегі болашақ мақсаттарының болуын немесе болмауын сипаттайды. Бұл шкала бойынша төменгі балдар, ӨБ жалпы жоғары деңгейі болғанның өзінде де, бүгінгі немесе кешегі күнмен өмір сүретін адамға тән болады. Сонымен қатар, осы шкала бойынша жоғары балдар,  мақсатгер адамды ғана сипаттап қоймай, сонымен қатар,  бүгінгі күнде жоспарларының шынайы негізі жоқ және оны жүзеге асыру үшін жеке жауапкершілікпен бекітілмеген, шалағай адамды да сипаттайды.  ӨМБ басқа шкалалары бойынша көрсеткіштерді ескере отырып, бұл екі жағдайды  айыра білу қиын емес.
  • 2. Өмір үдерісі немесе мүдде немесе өмірдің эмоционалдық толықтығы.
    Бұл шкаланың мазмұны, өмірдің бірден-бір мәні – өмір сүру, деген белгілі теориямен сәйкес келелі. Бұл көрсеткіш, сыналушы, өмір үдерісінің өзін, қызықты, эмоционалды толық және мағынаға толы деп қабылдайтындығын көрсетеді. Бұл шкала бойынша жоғары балдар және басқалары бойынша төменгі балдар, бүгінгі күнмен өмір сүретін күйтшіл адамды көрсетеді. Бұл шкала бойынша төменгі балдар – өзінің қазіргі өміріне қанағаттанбау белгісі; бұл ретте, бірақ, өткен туралы естеліктер немесе болашақтағы мақсаттар толыққанды мағына бере алады.
  • 3. Өмірдің нәтижелілігі немесе өзін-өзі көрсетуге қанағаттанушылық.

Бұл шкала бойынша балдар, өмірдің өткекн бөлігін бағалауды, бұл өмір бөлігі қаншалықты табысты және саналы болғандығын сезінуді көрсетеді. Бұл шкала бойынша жоғары балдар және басқалары бойынша төменгі балдар, барлығы өткенде қалған, бірақ өткенң, оның өмірінің мән беретін, өзінің өмірінің соңын өмір сүріп жатқан адамды сипаттайды. Төменгі балдар – өмірдің өткен бөлігіне қанағаттанбаушылық.

 

  • 4. Бақылау локусы –Мен (Мен— өмірдің қожайынымын).
    Жоғары балдар, өзінің мақсаттары мен өмірінің мағынасы туралы ұғымдарына сәйкес өмір сүру үшін, өзінің, таңдау еркі жеткілікті, күшті тұлға ретіндегі, өзінің ұғымына сәйкес келеді. Төменгі балдар – өз өмірінің оқиғаларын бақылауға деген өз күшіне сенбеушілік.
  • 5. Бақылау локусы – өмір немесе өмірді басқарушылық.
    Жоғары балдар кезінде – адамға өз өмірін өзі бақылау, шешімдер қабылдау және оларды өмірде іске асыру қасиеті берілген. Төменгі балдар - фатализм, адамның өмірі, саналы бақылауға мойынсұнбайды, таңдау еркіндігі - қиял және болашақта болатын, бір нәрсені армандау, бұл - мағынасыз деген пікір.

«Ю.В.Котляковтің «Өмірлік мағыналарды анықтау тесті»

Котляковтың модификацияланған тесті болып табылады. Тестке берілген уақыт – 15 минут, жауаптар үшін, 24 пікірдің ішінен, бір тізім ұсынылады. Бұл – адам өз өмірінде бағдарлануы мүмкін, өмірлік мағыналардың тізімі болып табылады.

Барлық тізімді және 1-ден 7-ге дейінгі балдары бар пікірлерді мұқият оқып шығуларыңызды өтінеміз.
Өмірлік мағыналардың 8 санаты, тестің нәтижесі болып табылады:
Альтруистік
Экзистенциалдық
Күйтшілдік
Өзін-өзі көрсету
Мәртебелік
Коммуникативтік
Отбасылық
Когнитивтік
  Санаттар кестеде өмірлік мағыналардың ұсынылу сұлбасы ретінде көрсетілген.

Көлденең білікте өмірлік мағыналардың санаттары, тікелей білікте – әр санат бойынша алынған балдар көрсетіледі. Сіздің өмірлік мағыналарыңыздың жүйесінде, жоғары балды санаттар басым, ал төменгі балдар аз көрсетілген.

«Тұлғаның типін анықтау тесті»  

Юнганың типологиясына сәйкес, психотиптің сипаттамасының төрт жұбы бойынша, тұлғаның 13 типі болады: экстраверт - интроверт, сенсорик - интуитив, логик- этик, рационалист – иррационалист. Тұлғаның типін анықтау үшін, 20 жұп сурет ұсынылады, қойылған сұраққа сәйкес, әр жұптан бір суретті таңдау керек. Мәтіннің бұл бөлігіне берілетін уақыт -20 минут. Қорытынды кестеде психотиптің төрт жұбы ұсынылады, ал төменде тұлғаның психологиялық типінің, респондентке барынша жақын сипаттамасы беріледі.

Балаларға арналған, тұлғаның типін анықтау тесті, антивитальдық күйзелістердің тестілеуімен ескертілетін естен шығармау керек. Бұл тестілеу екі бөліктен құралады. Тестілеудің бірінші бөлігінде 15 сұрақ бар, олар реттілікпен пайда болады, жауаптары бес балдық жүйе бойынша беріледі. Тестің бұл бөлігіне 20 минуттан аспайтын уақыт беріледі. Тестің екінші бөлігі бір кестеге жинақталған,  экранда оның барлығы бірден көрінеді. Тестің бұл бөлігіне 10 минуттан аспайтын уақыт беріледі. Тестің бұл екі бөліктерінің нәтижелері, антивитальдық күйзелістердің сипаттамасы болып табылады. Бұл сипаттама, тұлғаның типі кестесінде бесінші параметрмен ұсынылған.

Тестілеу жүйесін бағдарламалық жүзеге асыру.

Осы жүйе, веб клиент-сервер ретінде, MS VisualStudio С# MVC ортасында жасалған. Деректер қоры ретінде MSSQL пайдаланылады. Осы бағдарламаның бірегейлігі - оның негізінде, бір отбасы аясында респонденттерге келісімді тестілеу жүргізу қағидатының жатқанында болып отыр.

Сонымен қатар, тестілердің бірнеше негізгі түрлерінің әмбебап модельдері жасалған, бұл болса болашақта жаңа тестілер жасауға және басқа психологиялық аспектілер бойынша сауалнамалар жүргізуге мүмкіндік береді.  Нақты құрылымданған деректер қоры, тестілеудің орасан зор нәтижелерін сақтауды  және өңдеуді қамтамасыз етеді. Әртүрлі тұрғыда – өңірлік, жас мөлшерлік, жыныстық, білімділік және т.с.с. деректерге жедел статистикалық талдау жүргізу мүмкіндігін ұсынады.

Тестілеудің жинақталған деректерін талдау, қазіргі заманғы қазақстандық отбасында болып жатқан, өзгерістердің және үдерістердің мониторингінің негізі болып табылады.