8(7172) 25-65-09, 8(7172) 25-64-09 | г.Нұр-Сұлтан, ул.Халел Досмухамедулы 90

Отбасылық тәрбиелеу институтыөзінің міндеттемелерін табысты орындай отырып,жыл сайын қалалық басқармаларымен, қоғамдық ұйымдармен, бірлестіктермен өзара әрекеттестік Меморандумдарын жасауды көбейтіп келе жатыр. Мәселен: 2011 жылдың желтоқсанынан бастап біздің Институт Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі департаментімен жұмыс істейді.

2013 жылғы 17 мамырда институт өзара әрекеттестік және ынтымақтастық туралы тағы да екі Меморандумғақол қойды. Бұлар – «Нұр Отан» Халық Демократиялық партиясының Астана қалалық филиалы мен«Астана қаласының Жеке меншік балалар мекемелерінің ассоциациясы».

Құжаттар отбасы институтын нығайту саласындағы іс-шараларды жүргізуге бірлескен ықпалдастықты және тараптардың атсалысуын, рухани-өнегелік тәрбиелеудің, отбасылық сауаттандырудың мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асырудың, салауатты отбасы құруға және сақтауға бағдарланған,жастардың бойында өмірлік құндылықтарды қалыптастырудың өзекті мәселелері бойынша сараптамалық және кеңес берушілік көмектер көрсетуді, пікірлер мен ақпараттар алмасауды көздейді.

  

Л. Набитовская

Бірінші наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Отбасы күнін бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Осымен, Елбасы қазақстандық отбасының әлеуметтік рөлін нығайту міндетін тағы да атап өтті, ана мен баланы қорғау бірінші орында тұр. Сондықтан да Отбасылық тәрбиелеу институтын құру бұл – қоғамның маңызды қажеттілігі.

Көкшетау қаласының Отбасылық тәрбиелеу орталығында ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыруға, отбасылық құндылықтарды және отбасындағы дәстүрлерді, өзара қарым-қатынастарды нығайту және сақтау, қазақстандық қоғамда психологиялық салауатты тұлғаны тәрбиелеу мақсатында, ата-аналарға арналған Педагогикалық білімдер университеті ашылды. Бұл бастаманы «Нұр Отан» ХДП Көкшетау қалалық филиалы қолдады.

 Бүгін 2013 жылы 19 сәуірде Павлодар қаласында «Отбасылық мұқтаждықтың және әлеуметтік жетімдіктің алдын алу бойынша ҮЕҰ және мемлекеттік органдардың күш-жігерлерін шоғырландыру» тақырыбындағы ҮЕҰ және жетім балаларға және ата-анасыз қалған балаларға арналған ұйымдар басшыларының Республикалық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

«Салауатты ұрпақтың психологиясы» Республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар Петропавлда елдің 14 өңірінен келген мектеп психологтарын жинады.

Отбасылық тәрбиелеу институтының еліміздің өңірлерінде, соның ішінде Павлодар облысының Екібастұз қаласында да, Отбасылық тәрбиелеу орталықтарын ашқанынына екі айдан астам уақыт өтті. Біздің елімізде Орталықтар құру, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өтті.

Құжаттамаларды ресімдеу және бөлмелердібезендіру жөніндегі ұйымдастырушылық іс-шараларды аяқтағаннан кейін, орталықтар елдің өңірлеріндегі ата-аналар жұртшылығымен ағартушылық жұмыстарды бастады. Осының мысалы ретінде Екібастұз қаласын айтып өтуге болады.

жоғары