2013 жылғы 30 мамырда Отбасылық тәрбиелеу институты «Нұр Отан» ХДП АҚФ өткізген, «Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу: жағдайды бағалау және проблеманы шешудің заманауи тәсілдері» Ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

«Балаларға арналған дамытушы жұмыстың заманауи тәсілдері, әдістері, түрлері» баяндамасымен және Астана қаласындағы Отбасылық тәрбиелеу институтының жұмысы туралы тұсаукесермен, орталық директоры А.О.Өмірова сөйледі. Ол Отбасылық тәрбиелеу институтының және Отбасылық тәрбиелеу орталығының, «Ата-аналарға арналған Педагогикалық білімдер университетінің», «Біргеміз» Жас жұбайлар мектебінің»жұмыстары туралы айтты, конференцияға қатысушыларды, отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесшінің жұмысындағы: ертегі терапиясы, арттерапия, аффирмациялар жасау, ермексаз терапиясы, қуыршақ терапиясы, фототерапиясы  және  т.б. тәрізді жаңа әдістемелермен таныстырды.

Баяндаманың элементтерін ұсынамыз:

Отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесшілер, институт түлектері тәжірибелік жұмыстарында келесі айтылғандарды пайдаланады:

  • Рефлексия дағдыларын және метафорикалық ойды дамытатын, балалардың өз мінез-құлықтарын сипаттарын зерделуге мүмкіндік беретін, босаңси білуге жаттықтыратын және шиеленісті шешетін, тиімді коммуникация дағдыларын және ақиқат пен жалған сөзді айыра білу шеберлігін қалыптастыратын, сенімді болу және өз көзқарасын дәлелдеу шеберлігін жаттықтыратын, байқампаздықты, креативтікті және логикалық ойды дамытады ертегі терапиясы әдістемесі (И.В. Вачков).
  • Отбасылық жағдайды зерттеуге арналған, отбасылық қатынастардағы эмоционалдық фонды анықтауға мүмкіндік бететін, жасөспірімдік жастағы сенімсіздікті диагностикалау кезіндегі сезімтал, Лебедевой Людмила Дмитриевнаның «Менің отбасым, гүл түрінде» авторлық әдістемесі.
  • Адамның өзін-өзі бағалауын көтеруге көмек беретін, оның өз мүмкіндіктеріне деген сенімін нығайтатын, француздық психотерапевт дәрігер Эмил Куэ ұсынған аффирмация жасау әдістемесі.

Осылар мен көптеген басқа да заманауи әдістемелерді, біздің психологтар, қаланың ата-аналар жұртшылығымен болатын, отбасылық тәрбиелеу жөніндегі тренингтерде қолданады. Отбасылық тәрбиелеу жөніндегі тренингтер, ата-аталарға да және олардың балаларына да қажет, өйткені қазір психологиялық сипаттағы проблемалар жетіп артылады. 2013 жылғы 15 мамырда өткен кең ауқымды «Отбасыдан артық не болуы мүмкін?» Республикалық Акциясының талдауы осыны дәлелдейді.

 

А. Омирова