2013 жылғы 6 мамырда Қарағанды қаласы Отбасылық тәрбиелеу орталығының жетекшісі Күленова  Салтанат  Жұмабайқызы №91 Жалпы білім беретін орта мектеп жанындағы «Ботақан» шағын орталығында, ата-аналарға арналған «Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті» тақырыбында тренинг өткізді.

    

Салтанат  Жұмбайқызы  ата-аналарға 2010 жылы Астана қаласында ашылған Отбасылық тәрбиелеу институты туралы, ағымдағы жылы институт құрған, 5 Отбасылық тәрбиелеу орталықтары туралы айтып берді, ата-аналарды институт бағдарламаларының авторы - С.Л. Евдокимова дайындаған, «Қалайша жақсы ата-ана болуға болады», «Отбасылық тәрбиелеу» әдістемелік құралдарымен таныстырды.

Ол шағын дәріс алдында ата-аналардың педагогикалық мәдениеті деңгейілерін (жоғары, орташа, төмен) анықтауға арналған диагностикалық жұмыс жүргізді. Диагностикалық жұмыстан соң, тұсаукесер-слайдта, өздерінің отбасындағы тәрбие жоғары деңгейде болу үшін, ата-ана не істеуі керектігі туралы ақпаратты ұсынды.

    

Тренинг барысында психолог «Менің отбасым, гүл түрінде» жаттығуын өткізді. Жаттығу кезінде ата-аналар өздерінің отбасыларын гүл түрінде салған, арттерапия әдістемесін пайдаланды.

Тренингтің соңында, барлық ата-аналарға «Табысты тәрбиелеудің он кілті», «Қолайлы отбасылық ахуал жасау» ұсыныс-жадынамасы таратылды.

 

Ақпаратты дайындаған:

А.О. Өмірова – Отбасылық тәрбиелеу институтының бас маманы.

Жұмыс телефоны: 8(7172) 94-99-61