2013 жылғы 20 сәуірде Қарағанды қаласының Отбасылық тәрбиелеу орталығының жетекшісі  Күленова Салтанат Жұмабайқызы, Қарағанды қаласының №91 мектебінің ата-аналарына «Әке баланың өмірінде: оның рөлі және ықпалы» тақырыбында тренинг өткізді.

 

   Ол ата-аналарды атақты адамдарды әке туралы айтқан пікірлерімен таныстырды, «Бірге тыныстау» жаттығуын, «Жақсы әке дегеніміз кім?» ой-талқысын, «Мен өзімді қандай әкелер қатарына жатқызамын?» диагностикасын өткізді және біздің тренингтеріміздің қалыптасқан дәстүрі бойынша, ата-аналарға жадынамалар мен ұсыныстар таратты. 

 

Ақпаратты дайындаған:

А.О. Өмірова – Отбасылық тәрбиелеу институтының бас маманы.

Жұмыс телефоны: 8(7172) 94-99-61.