8(7172) 25-65-09, 8(7172) 25-64-09 | г.Нұр-Сұлтан, ул.Халел Досмухамедулы 90

31.07.2013 жылы Отбасылық тәрбиелеу институты, Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Қазақстандағы дағдарыс орталықтары одағы» ЗТБ  ұйымдастырған, «Отбасындағы тұрмыстық  зорлық-зомбылық: төмендету мен алдын алу мәселелері» дөңгелек үстеліне қатысты.

18 шілдеде Отбасылық тәрбиелеу институты Астана қаласы Сарыарқа ауданының ҮЕҰ Күніне қатысты. 

 

   2013 жылғы 26 шілдеде  Астана қаласы Отбасылық Тәрбиелеу Орталығында №24, №25 орта мектептің, «Шағала», «Еркетай» балалар бақшаларының ата-аналарымен кезекті тренинг өткізілді. Тренингті отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесшілер, Отбасылық тәрбиелеу институтының түлектері Шэ Ирина мен Манура Исаева жүргізді.

   «Бақытты отбасы» жобасының қатысушылары үшін, әлемдік және республикалық деңгейдегі адамдармен кездесу, дәстүрлі сипат алып келеді. «Алау» қонақ үй кешенінің залында біздің еліміздегі мектеп психологтарының, американдық ғалым, саясат ғалымдарының докторы Чарльз Зигнер мырзамен кездесуі, достық және ілтипатты жайма-шуақ ахуалда өтті.

   Тәрбиелеудің негізі, баланы құрметтеу және оның жеке кеңістігін бұзбай, баламен сөйлесе білуде және келісе білуде жатыр, мұны ересектер көбіне ұмытып кетіп те жатады. Әр бала, әртүрлі дамиды және әр баланың мінез-құлқының генетикалық қалыптасқанынан бастап, оны қоршаған әлеуметтік факторлармен аяқталатын,  қабылдауы да әртүрлі болады. Сондықтан да бала тұлғасының қалыптасу мәселесі мен социумдағы өзінің «МЕНІ» қалыптасуы, осы кезеңдегі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады және бұл жөнінде, бүгінгі балалар бақшасына барып жүрген сәби бұл – біздің ертеңіміз, біздің еліміздің болашағы екендігін білетін, барлық адам ойлануы тиіс. Біздің пікірімізше, әр бала тұлғасының қалыптасуында отбасындағы тәрбие үлкен рөл атқарады.

   2013 жылғы 10 мамырда Шымкент қаласы Отбасылық тәрбиелеу орталығының жетекшісі, отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші Калатур Людмила Сергеевна №46 мектептің ата-аналарымен сабақ өткізді. Тренингке 10 сынып оқушыларының 30 астам ата-аналары қатысты.

жоғары