8(7172) 25-65-09, 8(7172) 25-64-09 | г.Нұр-Сұлтан, ул.Халел Досмухамедулы 90

2013 жылы 11 қарашада Отбасылық Тәрбиелеу Институтында «Бақытты отбасы» Республикалық жобасының кезекті сессиясы аяқталды.

2013 жылы 9 қарашада Отбасылық тәрбиелеу институтының тыңдаушылары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Жоғары Соттың Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі Қадағалау сот алқасының  Судьясы, профессор, заң ғылымдарының докторы Сүлейменова Ұлболсын Әждарқызымен кездесті.

Педагог - психологтардың Республикалық отбасылық тәрбиелеу жөніндегі біліктіліктерін көтеру жобасы Астана қаласында өтіп жатқан 4 оқу сессиясын өткізу уақытында институт тыңдаушыларына арналған кездесулер ұйымдастыруын жалғастыруда.

Отбасылық Тәрбиелеу Институты өз қызметі барысы бойынша отбасылық саясатқа, мемлекеттегі отбасы мәртебесін нығайтуға және отбасылық дәстүрлерді жаңғыртуға байланысты болатын еліміздің қоғамдық қайраткерлерімен – дептуттармен, партия қызметкерлерімен және мемлекеттік қызметкерлермен кездесулер топтамасын жалғастыруда.

2013 жылы 7 қарашада Отбасылық Тербиелеу Институты тыңдаушылары ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі А.А.Башмаковпен кездесті.

2013 жылғы 5 қарашада Отбасылық тәрбиелеу институтында, «Педагогикалық мамандардың отбасылық тәрбиелеу жөніндегі біліктіліктерін көтеру» Республикалық жобасының 4 аяқтау сессиясын өткізу уақытында тыңдаушылардың «Нұр Отан» Партиясының Қоғамдық саясат институтының өкілі, 15 съезде қабылданған, «Нұр Отан» Партиясының Саяси Доктринасының зерттемесіне қатысушы – Көшкенов Серік Әбдіғалиұлымен кездесуі өтті.

жоғары