2013 жылғы 9 тамызда Отбасылық тәрбиелеу орталығы Астана қаласы №2 Периниталдық Орталығы қызметкерлерімен кездесу өткізді, онда өзінің ұйымының және Астана қаласындағы Отбасылық тәрбиелеу орталығының тұсаукесерін жасады. Периниталдық Орталықтың Бас дәрігері Оразбаева Гүлфайруз Ғалымқызы Отбасылық тәрбиелеу орталығының директоры Набитовская Любовь Николаевнаны таныстырып, оған сөз берді.

 Любовь Николаевна дәрігерлерді Институттың мақсаттарымен және қызметімен таныстырды, институттың келешегі туралы және қаланың ата-аналар жұртшылығымен ағартушылық және кеңес беру жұмысын жүргізу арқылы, отбасы және отбасылық құндылықтарды нығайту мәселесіндегі екі орталықтың өзара әрекеттестіктері мүмкіндіктері туралы әңгімелеп берді.

Ол отбасылық құндылықтарды жаңғырту және сақтау бойынша табысты жұмыс, отбасының мәртебесін нығайту, біздің мемлекетіміздің барлық әлеуметтік институттарының бірлескен күші кезінде ғана мүмкін екендігін айтты және медициналық қызметкерлерінің, институттың қызметкерлерімен, отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесшілермен бірлескен ынтымақтастыққа шақырды.

Біздің қазақстандық қоғамды жауапты ата-ана, ана және әке болуға үйрететін кез жетті және де біз ата-аналарды, әр ұжымдағы «Отбасылық тәрбиелеу мектебі» арқылы жаппай оқыту туралы ұсыныс жасаймыз! Перинаталдық Орталықта өз отбасын құратын, бала туатын және еліміздің болашағы – балаларды тәрбиелейтін, әйелдер-аналарға, жас қыздарға, жүкті келіншектерге қызмет көрсетілетінін ескере отырып, біздің көзқарасымызша, тап осы жерде оларға тек кәсіби медициналық ғана емес, сонымен қатар, кейде, отбасындағы өзара қарым-қатынастан туындайтын, проблемаларды шешу бойынша психологиялық көмек те қажет болып жатады. Бұл жерде отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесшінің көмегі қажет болады.

Егерде жүкті әйелге психологтың  уақытылы психологиялық көмегі мен қолдауы көрсетілетін болса, онда ол кей кездері қайғылы жағдайларға әкеліп жататын, ойланбаған әрекеттер жасамас еді. Бүгінгі күні қазақстандық әйелдердің тамаша денсаулығы болсын, олар бақытты отбасын құрсын, баланы дүниеге әкеліп, ана болсын, отбасылық педагогика мен психологияның негіздерін біле отырып, өз балаларын тәрбиелеуіне ұмтылсын деп әрекет жасап, тырысу керек.

Медициналық қызметкерлерге Отбасылық тәрбиелеу институты дайындаған «Отбасылық тәрбиелеу» №1 кітап, «Қалайша жақсы ата-ана болуға болады» №2 кітап (авторы –С.Евдокимова) әдістемелік құралдар көрсетілді. Бұл кітаптарды барлық ата-аналар білуі керек!

Отбасылық тәрбиелеу институты, Астана  қаласының Перинаталдық Орталығымен келесі бағыттарда ынтымақтастық жасауды жоспарлап отыр: отбасы және отбасылық тәрбиелеу мәселелері жөніндегі бірлескен тренингтік сабақтар мен кеңестер өткізу.

А. Өмірова .