Қазіргі кезде психологтың кеңесін көптеген адамдар қажет етеді, бірақ олардың көбі маманға жеке барып, бейтаныс адамға, өзінің күйзелістері, эмоциялары мен проблемалары туралы айтып беруге дайын емес. «Жедел психологиялық көмек желісі»  бұл – телефон байланысын- жедел телефон көмегін пайдалану арқылы, нөмірді теріп, өзіңнің проблемаларыңды талқылап, өмірдегі дағдарысты сәттерді жеңудің жолдарын іздеу бойынша ұсыныстар мен түсініктемелер алуға, өзіңнің проблемаларыңды талқылауға болатын, әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету түрлерінің бірі. 

Біздің елімізде, соның ішінде, Астана қаласында тұрғындарға көмек көрсетудің осы түрі жеткілікті түрде дамыған және көпшілікке белгілі.    Көптеген ұйымдар, бұл жұмысты, тұрғындарға көрсетілетін көмектің, барынша тиімді және  қол жетімді түрі ретінде пайдаланады. Сонымен қатар, құпия қоңырау, кеңеске жүгінген адамның, қандай да болсын жағымсыз құбылыстарын  көріп қалады не кеңесші-маманмен байланысты қандай да бір әлеуметтік-этикалық ыңғайсыздықтарға арандатады деп алаңдауына мүмкіндік бермейді, артық эмоционалдық шиеленісті тудырмайды.  Оған қарағанда, психолог-кеңесшіге қиын, ол абонентті тыңдай отырып, оның проблемалары туралы ойлайды, оның жағдайларын талдайды, екеуі қосылып, туындаған мәселені талқылап, мүмкіндігінше, нақты жағдайдағы тиімді көмектің жоспарын ұсынады, қолдау көрсетіп, бір мезгілде ұсыныстар жасайды. Сонымен қатар, психолог-кеңесші алдын ала болжап білмейтін, сауалдарға әрдайым дайын болуы керек, өйткені мұндай диалог мәнінің өзі, көбіне маман үшін күтпеген нәрсе болып табылады. Өз кезегінде, хабарласқан адам, оның проблемасының қандай болғанына қарамастан, оны тыңдап тұрғандығына, естіп тұрғандығына, түсінгендігіне және қабылдағандығына сенуі керек, тек сонда ғана ол адам өзін-өзі түсіне бастайды, ал бұл дегенміз - жеке құндылығы сезімі мен күшін қалыптастырудың алғашқы қадамы, яғни – отбасындағы қатынасты орнатуға деген алғашқы қадам. 

 

Сонымен, 1.08.2013 жылы, «Вечерняя Астана» газетінің өтініші бойынша, Отбасылық тәрбиелеу институты, телефон желісі арқылы, Астана қаласы тұрғындарын, отбасылық тәрбиелеудегі келелі мәселелері бойынша кеңес беруге қатысты. Көбіне, өздерінің балаларымен өзара қарым-қатынастарына алаңдаған,  жас келіншектер хабарласты. Балалардың мінез-құлқы бұл – ересектердің мінез-құлқының бетсалымы, бала өзінің отбасынан, бала бақшасында көріп-білгенін жасайтындығы барлығыңызға мәлім. Бірақ, соцуимда, отбасыішілік ережелерге кейде сәйкес келмейтін ережелер де болады. Сонда қалай?  Балалар бақшасында бала өзін-өзі ұстай алмайды, онда гипербелсенділік пен үрейлілік көрсетеді, ал ата-ана баласының үйдегі жанжалқорлығын түсінбейді. Баланың социумға бейімделуі нәтижелі болу үшін, ата-аналарға, өз баласының дамуына мұқият болу керек, өкінішке орай, қазіргі заманғы ата-аналар оған көңіл бөлмейді. Міне, сондықтан сәби өздігінен бейімделіп, кейде ересектердің өзінің таба алмайтын сұрақтарына, өздері жауап іздеулеріне тура келеді. Шындық осындай болып отыр... Осыны негізге ала отырып, қазіргі күні ата-ананы жауапты ата-ана болуға үйрету; ананы, ана, әкені, әке болуға үйрететін кезең келді дегенге көзің жетеді.

Бізге хабарласқан ата-аналар, 3-6 жастағы балалардың сабырлы, өз-өзіне сенімді, жанжал шығармайтын болуы үшін не істеу керек деген сұрақтар қойды, негізінен ұсыныстар берілді.

Балаларға барынша назар аудару керек, отбасында баланың көзінше жанжалдасау керек, жанжалсыз қатынас жасауға үйрену керек және ең бастысы, баланы өзінің жеке үлгі-өнегеңмен ғана жақсы болуға үйрету керек.

10 жастағы қызы бар ана да хабарласты. Ол өзінің қызын тым толық деп санап, әртүрлі емдәмдер пайдаланады екен. Үнемі баласына тәжірибе жасап, түрлі емдәмдер пайдаланған ананың бұл әрекеті дұрыс па?  Әрине жоқ, анасы өзінің түрлі әрекеттерімен, қазіргі күннің өзінде-ақ, дәрігердің ұсынымынсыз, бұлай жасауға болмайтынды айтпағанның өзінде-ақ,  қызының бойында бірқатар комплекстер мен жүйке жүйесі ауруларын тудырады.  Ал қыз баланың бойындағы комплекстердің дамуы үш-төрт жылдан соң неге әкелуі мүмкін? Мұны да ойлау керек, өйткені балалардың, әсіресе жасөспірімдердің психикасы өте нәзік.

Тағы бір қоңырау: анасы тым қамқорлық көрсететін, 31 жастағы тұрмыс құрмаған қыздың құрбысы хабарласты, бұл қыз отбасын құруға асықпайды екен. Бұл жерде мәселе, біз бірнеше мәрте айтқан, бейқамдық туралы болып отыр. Мұдай жағдайда, адам өзінің өмірлік бағдарларын қайта қарастыруы керек, өмірлік құндылықтарын қайта бағалауы керек. Тек адамның өзі ғана, әлемін өзгерте алады. Және біз, өзімізге жүгінген қыздың, өз құрбысына ықпал етуі мен қалыптасқан өмірлік жағдайын түсінуі үшін, шыдамдылығы жетеді деген сенімдеміз.

Отбасылық тәрбилеу институтының қызметкерлері, психологиялық көмек пен қолдауды қажет еткен, ата-аналарға және олардың балаларына көмеккке келуге әрдайым дайын. Бұл жерде әркім, оған кәсіби маман ғана керек екендігін түсінуі керек! Шешілмейтін мәселелер болмайтындығын естен шығармаңыздар! Әрдайым жауаптар табуға болатын, сұрақтар болады. Бізге барлығы жүгінеді!!!

 А. Матаева