31.07.2013 жылы Отбасылық тәрбиелеу институты, Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Қазақстандағы дағдарыс орталықтары одағы» ЗТБ  ұйымдастырған, «Отбасындағы тұрмыстық  зорлық-зомбылық: төмендету мен алдын алу мәселелері» дөңгелек үстеліне қатысты.

 

Дөңгелек үстелдің барысында мынадай мәселелер қарастырылды:.

- Әлеуметтік саясатты талдау, атап айтқанда, зардап шеккендердің қажеттіліктеріне сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының алдын алу, емдеу және оңалту;

- Отбасында балаға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуда ата-аналардың және білім беру мекемелері қызметкерлерінің рөлдерін белсенділендіру.

Дөңгелек үстел барысында «Қазақстандағы дағдарыс орталықтары одағы» ЗТБ басқармасының Төрайымы З. М. Байсақова мен Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқарманың балалар құқықтарын қорғау бөлімінің бастығы  М.А. Есқазина үйдегі зорлық-зомбылық проблемалары мен оны шешу жолдарына шолу жасады.

Ересек адамның қанағаттандырылмаған қажеттіліктері (егерде құндылық иерархиясында қарайтын болсақ), ертелі-кеш әлеуметтік немесе психикалық депривацияға әкелуі мүмкін. Ол болашақта агрессияның әр түрімен көрінуі мүмкін. Фрейд кезеңінен, барлық нәрсенің балалық шақта басталатыны және ересек адамның бақыты немесе бақытсыздығы, балалық шақтағы баққытылығы немесе бақытсыздығына байланысты екені мәлім. Бұл жерде: үнемі агрессияның және зорлық-зомбылықтың тұрақты көрермені болып жүрген, бүгінгі күнгі сәби, ертең қандай болады деген сауал туындайды?

Жауабы айқын.

Сондықтан да, Отбасылық тәрбиелеу институты, дөңгелек үстелге қатысу туралы шақыртуды қабыл алып, отбасындағы рухани құндылықтарды дамыту, отбасы мәртбесін көтеру, ата-аналардың өз балаларының болашағы үшін жауапкершіліктерін көтеру мәселелерін және ата-аналарды отбасылық психология мен педагогика мәселелері бойынша сауаттандыру мәселесін тағы да көтерді.  

«Отбасы өнегелі дәстүрлерді және құндылықтарды сақтаушы болуға арналған, ал отбасы мүшелері арасындағы қатынас, сүйіспеншілікті, өзара сыйластықты және қолдауды негізге ала отырып құрылуы керек. Сондықтан бізді, қоғамдағы терең рухани-өнегелік дағдарыстың бір белгісі болып табылатын, отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі толғындырмай қоймайды,-деп атап өтті Отбасылық тәрбиелеу институтының директоры  Набитовская Любовь Николаевна.  «Осы проблемадан шығудың жолы бұл – отбасында, мектепте және қоғамда рухани құндылықтарды дамыту, ал бұл болса, барлық әлеуметтік институттардың, Отбасылық тәрбиелеу институтымен  тығыз ынтымақтастық жасау кезінде ғана мүмкін болады»,-деген сөздермен, Любовь Николаевна барлық қатысушыларды, біздің еліміздің барлық өңірлерінде ашылып жатқан, Отбасылық тәрбиелеу орталықтарымен және Мектептерімен ынтымақтасуға шақырды.

Отбасылық тәрбиелеу институтының директорының ұсынысы, дөңгелек үстелге қатысушылар арасында қызығушылық тудырмай қойған жоқ, мәселен, Астана қаласының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы директорының орынбасары, қаталдық көрсетудің себептері мен жалпы зорлық-зомбылықтың барлық құбылыстары, көп жағдайда ата-аналардың педагогикалық сауатсыздықтары, өз қылықтарының, баланың болашақ өміріне тигізер бүлдіргіш ықпалы туралы түсінбеуі салдарынан болады,-деді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар, зорлық-зомбылық мәселесін шешудегі бұдан әрі жүйелі жұмысқа басқа ведомстваларды (білім беру, мәдениет органдарын, кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссияларды, қамқорлық және қамқоршылық, денсаулық сақтау органдарын, прокуратура, сот органдарын) тарту қажеттігін атап өтті.  Қала әкімі орынбасарының деңгейіндегі, мұндай бірлескен кездесулер мен дөңгелек үстелдер санын көбейту, сондай-ақ қатысушылардың кеңейтілген құрамы бар, конференцияларды өткізуді жоспарлау туралы ұсыныс айтылды.

 А.Т. Матаева