18 шілдеде Отбасылық тәрбиелеу институты Астана қаласы Сарыарқа ауданының ҮЕҰ Күніне қатысты. 

 

Институт директоры Набитовская Любовь Николаевна тұсаукесер жасады. Ол кездесу қатысушыларын, институттың құрылған кезінен бастап атқарып келе жатқан,  отбасылық сауаттындырудың мемлекеттік бағдарламаларының жүзеге асырылуымен таныстырды. Институт дамуының перспективалық мақсаттары туралы айтты. ҮЕҰ жиналған өкілдерін, Институттың жобаларымен және бағдарламаларымен танысу қызықтырды.

Любовь Николаевна жарыссөзде дөңгелек үстелге қатысушыларда туындаған: педагог-психологтардың біліктіліктерін көтеру бағдарламасы туралы, психологтарға білім беру сапасы туралы, Педагогикалық білімдер университетіндегі және «Біргеміз» Жас жұбайлар мектебіндегі ата-аналарды сауаттырудың сапасы туралы, отбасылық тәрбиелеу жөніндегі тренингтерге және ашық сабақтарға қатысу қол жетімділік  туралы сұрақтарға жауап берді.

Қатысушылар арасында институттан сатып алуға болатын, «Отбасылық тәрбиелеу» әдістемелік әдебиеттің 4 кітабы қызығушылық тудырды. Әдебиет мемлекеттік және орыс тілдерінде шығарылған.

Институттың тұсаукесеріне «Бақытты отбасы» өсиет әңгімесі енгізілген, бұл әңгіме кездесу қатысушыларын, бақытты отбасын құру үшін, ең алдымен, бір-бірін жақсы көре білу, тыңдай білу, қамқор бола білу және қандай жағдайда болмасын дөрекелікке жол бермей, бір-біріне қамқорлықпен қатынас жасай біле білу керектігі туралы ойлантты. Бақыт дегеніміз бұл – түсіну білу.