2013 жылғы 26 шілдеде  Астана қаласы Отбасылық Тәрбиелеу Орталығында №24, №25 орта мектептің, «Шағала», «Еркетай» балалар бақшаларының ата-аналарымен кезекті тренинг өткізілді. Тренингті отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесшілер, Отбасылық тәрбиелеу институтының түлектері Шэ Ирина мен Манура Исаева жүргізді.

 

   Ата-аналармен таныстық, «Өзінің есіміңді және өзіңе ұнайтын жануарды ата»  жаттығуының көмегімен өткізілді, оны орындаған ата-аналар, бір-бірімен тез танысты, өздерінің ұялшақтықтарын жеңіп, есте сақтау қабілеттерін жаттықтырды.

   Таныстықтан кейін, психологтар «Токсикомания» тақырыбындағы слайдтық материалдар көрсетті, онда ата-аналарды қоғамдағы бұл проблеманың себептерімен, уытты заттарды шамадан тыс пайдаланудың салдарымен және алдын алу іс-шараларымен таныстырды. Тұсаукесерді көрсету барысында психологтар ата-аналармен осы тақырыпта диолог жүргізді. 

   Ақпараттық бөлікті тәмәмдағаннан кейін, психолог-кеңесшілер ата-аналарға арттерапиия әдістемесін қолдану арқылы: «Тосын сый». «Өмір ағашы, «Үйлексімді әлем көрінісі» үш жаттығу ұсынды.

   Оларды орындау барысында ата-аналар түрлі-түсті қарындаштарды, бояуларды ғана пайдаланып қоймай, сонымен қатар түрлі-түсті тастарды және түрлі-түсті тұздарды да пайдаланды. Қызықты жұмыстар жасалды, олар ақпараттық материалды бекітудің деңгейі мен сапасын көрсетті, сонымен қатар, баланың әрі қарай тағдыры, тәрбиелік үдерістегі аса маңызды сәтке – ата-ананың, өз баласына деген ілтипатты қатынасына, қамқорлығы мен махаббатына байланысты.

   «Тосын сый» жаттығуын ойнаған кезде, ата-аналар, баланың мінез-құлқына, ата-ананың және қоғамның ықпалы қалай ықпал көрсететіндігін көрсетті. Беймәлім нәрсені білгісі келген, балаға да, үлкенге де, «Жоқ» деп жауап беру әрқашан қиын болады емес пе?

   «Үйлесімді әлемнің көрінісі» жаттығуына қатысқан ата-аналар, жақсы сөздерді жазып және айта отырып, өзінің баласымен қарым-қатынасты басқа көзқарас тұрғысынан көре алды. Бұл жерде жаңа үйлесімді қатынастар көңіл-күйінің «зәкірін» тастау мүмкіндігі пайда болды.

   «Менің отбасым» жаттығуы – түрлі-түсті тұзбен жұмыс істеу, ата-аналарды балалық шақтарына қайта алып келгендей болды, ішкі үдерістер айқындалды, отбасындағы қарым –қатынастарға деген «жаңа» көзқарастар пайда болды. 

   Кездесуде өткізілген уақыт ата-аналар үшін бос өткен жоқ, оларға тренингтің шығармашылық жағы, жаңа тұлғалармен танысу мүмкіндігі, біздің институт назар аударған, белгілі материалды қайталау, отбасылық тәрбиелеу туралы әңгімелесу  ұнады.

   Ата-аналар өздерінің пікірлерін қалдырды:

   Айман:  Мұндай  тренингтерді ұдайы жүргізу керек, өйткені, бұл тек ата-аналарға ғана емес, сонымен қатар балаларға да қызықты. Сіздердің жұмыстарыңызға табыс пен өркендеу тілейміз.  

   Галина: Тренинг  тамаша әрі мазмұнды өтті, қуат алдық, өз балаларымен түрлі-түсті тұзбен сурет салғым келіп отыр, үйге барған соң, міндетті түрде солай істеймін.

   Ғазиза:  Мен бүгін токсикоманияның алдын алу бойынша көптеген ұсыныстар естідім. Көп рахмет!

   Жұмыстарын аяқтай келе, психологтар, «Ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністікке қалай көз жеткізуге болады» тарату материалдын үлестіріп берді және белсенді ата-аналарға ынталандыру сыйлықтарын тапсырды.

 

 

Ақпаратты дайындаған:

А.О.Өмірова –Отбасылық Тәрбиелеу Орталығының жетекшісі

жұмыс телефоны: 8(7172) 94 99 61.