2013 жылы 13 тамызда Отбасылық тәрбиелеу институтында Қостанай облысынан келген қонақтармен, отбасы мәртебесін нығайту, тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін, соның ішінде, отбасылық тәрбиелеу мәселелерін де шешуде көмек пен қолдау көрсету саласында жұмыс істейтін, ауылдық жерлердің үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен кездесу өтті.

Отбасылық тәрбиелеу институтының директоры  Набитовская Любовь Николаевна облыстан келген делегацияны ұйымның қызметімен таныстырды, институттың республикалық деңгейде атқаратын жобаларының және бағдарламаларының маңыздылығына назар аударды.

 

Қонақтар пелагогтарға да, сондай-ақ ата-аналар жұртшылығына да арнап институт дайындаған, отбасылық тәрбиелеу жөніндегі «Бақытты отбасы» педагогикалық мамандардың біліктілігін арттыратын авторлық бағдарламасына, «Отбасылық тәрбиелеу» кітаптарына (авторы С.Евдокимова) қызығушылық танытты. Ауылдық ҮЕҰ басшылары қалай институттан білім алуға болатындығын сұрады, отбасын және отбасылық құндылықтарды  нығайту мәселесінде  ауыл тұрғындарымен  сапалы кәсіби деңгейде жұмыс істеу үшін, оларға отбасымен жұмыс істеу саласында жаңа білім, отбасылық педагогика мен психология туралы білім міндетті түрде қажет екендігін айтты.

Кездесу барысында қонақтар Астана қаласындағы ата-аналар жұртшылығына арналған Педагогикалық білімдер университеті жұмысының тәжірибесін қарастырды, ауылдық округтердегі ата-аналар жұртшылығына ағартушылық жұмыстарды ұйымдастырудың жолдарын іздестірді, келесілерді ұсынды: педагогикалық мамандардың отбасылық тәрбиелеу жөніндегі біліктіліктерін арттыру жұмыстарын, тек психологтармен ғана емес, сонымен қатар, мектеп директорларымен де, әдіскерлермен де, мектеп директорының тәрбиелеу жөніндегі орынбасарларымен де өткізу керек. «Отбасылық тәрбиелеу» кітаптарымен танысқаннан кейін, олар бұл әдістемелік құралдардың ауылдық жерде тұрғындармен жұмыс істеу үшін өткір қажеттігі туралы айтты.

Қостанай облысының ҮЕҰ ауылдық жердерде Отбасылық тәрбиелеу орталықтарын құрғысы келетіндіктері қуанышты жайт, бұл ауылдың әр тұрғынына отбасылық тәрбиелеудің келелі мәселесі бойынша орталыққа жүгінуге, отбасыішілік өзара қарым-қатынас бойынша шиеленістікті шешуге мүмкіндік береді.

Отбасылық құндылықтарды жаңғырту бұл – бүгінгі күні ауылдық ҮЕҰ алдында тұрған міндеттердің бірі. Ата-аналарды, ата-ана болуға, ана болуға, әке болуға, бақытты отбасын құруға үйрететін кез туғанын уақыт көрсетіп отыр, бұл да, өңірлердегі отбасылармен жұмыс істейтін,  ҮЕҰ міндеті болып табылады.

Институт қызметкерлері, ағартушылық жұмыстың түрлі формаларын, соның ішінде, жергілікті жерлердегі тренингтік жұмыстарды пайдаланып,  әр ауылдық мектепте, еңбек ұжымында Отбасылық тәрбиелеу жөніндегі мектептерді құра отырып, қонақтарға ауылдық жерлердегі ата-аналар жұртшылығының педагогикалық мәдениеттерін көтеру бойынша жаппай жұмыс жүргізуге ұсыныс жасады.

Л.Набитовская