2012 жылы 7 тамызда өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында Институт түлектерімен, еріктілермен кездесу өтті. Сондай-ақ бұл күні «Отбасыдан қымбат не болуы мүмкін?» кең ауқымды Республикалық әлеуметтік маңызды акцияның қорытындысы бойынша институттың алғыс хаттары табыс етілді, оған Астана қаласында тұратын біздің институт түлектері белсенді атсалысты.

 Психологтар кездесудің басында психологтардың әнұранын тыңдады, сосын Отбасылық Тәрбиелеу Институтының қабырғасында өткен тамаша сәттерін естеріне алды, әрине бір-бірлерімен кездескендеріне де қуанды.

Түлектерге институт туралы ролик, Инстиуттың үш жыл ішіндегі қызметі туралы тұсаукесер, «Бақытты отбасы» бейнекөріністік өсиет әңгімесі көрсетілді.

Кездесудің ақпараттық бөлігінен соң, Институт директоры «Отбасыдан қымбат не болуы мүмкін?» акциясының белсенділеріне алғыс хаттар тапсыруға кірісті. Акцияны жүргізу уақытында ата-аналарға кеңес беруден басқа, «Астана қаласы мектептерінің 10 сынып оқушылары мен олардың ата-аналарының арасында жасөспірімдердің өмірлік құндылықтарының мониторингі» зерттеуін жүргізуге белсене қатысқан психологтарға Институт төсбелгілері табыс етілді.

Набитовская Любовь Николаевна кездесуге қатысқан психологтарға 2013 жылы 8 қыркүйекте «Қазақстандағы отбасы күні» ата-аналар жұртшылығына кеңес беруге қатысу туралы ұсыныс айтты. Ол күні отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психологтар Астана қаласының тұрғындарына тегін кеңестер береді. Осы акцияны жүргізуге ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Нұр Отан» ХДП ОА, Астана қаласының Білім басқармасына қолдау көрсетеді.

А. Өмірова