Қазіргі кезде заманауаи БАҚ баланың психикалық дамуына нашар әсер етеді, заманауи мультфильмдер баланың психикасын бұзады деген көптеген әңгімелер айтылып жүр. Құнсыз сериалдарды көру, жасөспірімнің шынайы мақсаттарынан және әсерлерінен адасуына мәжбүрлейді.    

Егерде кейбір шетелдік мульфильмдерді мұқият қарайтын болсақ, онда олардан көптеген зорлық пен агрессияны байқауға болады, оларды көргеннен кейін кейбір балалар гипер қозғыш болып кетеді. Балалардың бойында мінез-құлықтың агрессиялық үлгісі бекиді, бірақ, Отбасылық тәрбиелеу институты, осы жағымсыздықтардың барлығына қарамастан, балаға бейнефильмдерді көріп, тыңдауға тиым салмау керек деп санайды, бала заман ағымына қарай дамуы керек, әр заманның өз мульфильмдері, кітаптары, ойындары болады...

Бұл жерде ата-аналар үшін басты ереже бұл – баланың көруіне арналған бейнефильмдерді, оның жас ерекшелігіне қарай сауатты және дұрыс таңдай білу және онымен фильмдегі әр эпизодты және әр кейіпкерді талқылау. Бала қарама-қарсы қою негізінде, оларды зұлымдыққа, сараңдыққа, сатқындыққа қарама-қарсы қоя отырып, адамзаттың шынайы құндылықтары, жақсылық, мейірімділік пен қайырымдылық, достық пен әділдік туралы ойланатындай әңгіме жүргізуге тырысу керек. «Астана» радиостанциясы студиясының тікелей эфирінде отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші А.Т.Матаевамен әңгіме осы жөнінде болды.

Қазіргі кездегі шындық мынадай, көбіне ата-аналар теледидарды қосып, баланы қандай да бір фильмнің кейіпкерлерімен, оның әсерлерімен жалғыз қалдырады. Мұны істеуге болмайды. Баламен «ненің жақсы, ненің жаман» екені туралы сөйлесіп, БАҚ бала психикасына теріс әсер етуінің алдын алуға болады. Ал егерде замануи мультфильмдерге тиым салатын болсаңыз, бала өз ата-анасының бұл мульфильмді мақұлдамайтынын біліп, оны  қараудың жасырын, одан да қорқынышты жолдарын іздей бастайды. Бұл өтірік айтудың басы болып табылады....

Баланың психосоматикалық денсаулығын сақтау жөніндегі балалар невропотологтарының және психологтарының  ұсыныстарын ата-аналардың естеріне түсіру қажет:

• Үш жасқа дейінгі балаларға мүлдем теледидар көруге болмайды.

• Дені сау, 3-4 жастағы балалар теледидардың алдында 15 мин отыра алады. 

• 5-6 жастағы балалар - 30 мин.

• бастауыш сынып оқушылары - аптасына 2-3 рет, 1 - 1,5 сағаттан.

Виртуалды бейнелер өзіне тартады және психологиялық тәуелділік жасайды, ең алдымен, жүйке жүйесінің шамадан тыс қозуын ынталандырады және өтіп жатқан «жылтыңдау» әсерінен, ашықтықтан, жылдамдықтан, ми ырғағының үйлесімі бұзылады. Сондықтан мультфильмдерді және фильмдерді, балаларға көрсетпес бұрын,  оның жүйке жүйесінің қозуын тудырмайтындығына көз жеткізу үшін, оларды ең алдымен ересектердің өзі қарап алуы керек.

Құрметті ата-аналар балаларыңыздың денсаулықтарын сақтаңыздар!!!

А. Матаева