Тәрбиелеудің негізі, баланы құрметтеу және оның жеке кеңістігін бұзбай, баламен сөйлесе білуде және келісе білуде жатыр, мұны ересектер көбіне ұмытып кетіп те жатады. Әр бала, әртүрлі дамиды және әр баланың мінез-құлқының генетикалық қалыптасқанынан бастап, оны қоршаған әлеуметтік факторлармен аяқталатын,  қабылдауы да әртүрлі болады. Сондықтан да бала тұлғасының қалыптасу мәселесі мен социумдағы өзінің «МЕНІ» қалыптасуы, осы кезеңдегі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады және бұл жөнінде, бүгінгі балалар бақшасына барып жүрген сәби бұл – біздің ертеңіміз, біздің еліміздің болашағы екендігін білетін, барлық адам ойлануы тиіс. Біздің пікірімізше, әр бала тұлғасының қалыптасуында отбасындағы тәрбие үлкен рөл атқарады.

   Отбасылық тәрбиелеу институты «Қазақстандық мектепке дейінгі балалар мекемелерімен» өзара ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес, педагогтардың және ата-аналардың, отбасылық психология және отбасылық тәрбиелеу мәселесі бойынша педагогикалық және психологиялық құзіреттіліктерін көтеру мақсатында, 2013 жылы 12 шілдеде Астана қаласының «Еркетай» жеке меншік мектепке дейінгі балалар мекемесінде, кең ауқымды және 3 бөліктен құралған, Отбасылық тәрбиелеу күнін өткізді. 

   Мектепке дейінгі балалар мекемесі мен ата-аналарға арналған бұл іс-шараны өткізуді, Астана қаласының Білім басқармасы қолдады. Әдіскерлер Г.К.Мейірманова мен А.Ш.Әмірханова Отбасылық тәрбиелеу институтының, тәрбиеленушілердің ата-аналарына және мен педагогикалық ұжымға арналған, отбасы мен балалар бақшасы арасындағы өзара қатынасты нығайтуға, ата-аналар жұртшылығының педагогикалық және психологиялық мәдениеттерін арттыруға бағытталған, мұндай кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты, қатысушылардың Отбасылық тәрбиелеу күнін өткізудің барлық кезеңдеріне  белсенді қатысуларын сұрады.

   Отбасылық тәрбиелеу институтының директоры Л.Н.Набитовская өзінің құттықтау сөзінде отбасылық педагогика мен психология саласындағы ата-ана және ата-ананы сауаттандыру мәселесінің өзектілігіне назар аударды, сондай-ақ отбасының мәртебесін көтеру және отбасылық тәрбиелеудің деңгейін көтеру мақсатында, барлық әлеуметтік институттар арасында өзара байланыс құру қажеттігін көрсетті. Семинарға Қазақстан Психологтары Ассоциациясының психолог-кеңесшісі Л.Орлова қатысты, ол қатысушыларға «Отбасылық тәрбие, жасөспірімнің әлеуметтену факторы ретінде» тақырыбындағы әңгіме өткізді.

   «Еркетай» балалар бақшасының қызметкерлері, екінші біліктілік санатындағы тәрбиеші Г.Ш.Қоғамбаева мен бірінші біліктілік санатындағы тәрбиеші Т.Г.Михайлова «Мен және менің отбасым» тақырыбында көрнекі ашық сабақ өткізді, бала бақша тәрбиеленушілері барлық қатысушыларға концерттік нөмірлер көрсетті, ал Отбасылық тәрбиелеу институтының қызметкерлері құрылымдық қарым-қатынас құру шеберлігіне бағдарланған шеберлік сыныптары мен бірқатар тренингтер өткізді.

   Бұл күннің аясында  педагогтар мен ата-аналар, педагогтардың жұмысына көмек көрсететін және ата-аналарды сауаттандыруға арналған әдістемелік құрал ретінде институт дайындаған, отбасылық тәрбиелеу жөніндегі кітаптар туралы білді

   Мазмұнды күннің қорытындысы бойынша кездесудің қатысушылары, тренингтерге және практикумға белсенді қатысқаны үшін институттың алғыс хаттарымен ынталандырылды, «Менің отбасым» суреттер көрмесіне қатысқан балалардың үздік жұмыстары да болды, балалар да мадақ қағаздарына ие болды.

   Отбасылық тәрбиелеу институты барлық білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт мекемелерінің, кәсіподақ ұйымдарының, өздерінің ұйымдарында, отбасылық тәрбиелеудің психологиясы мен педагогикасы туралы әңгімелейтін, психология бойынша бұрын өткен материалдарды, мәселен, «Баланың мінез-құлқы. Тұлға және темпераменттің түрлері, бала бұл – отбасының айнасы екендігін ұмытпау!» сияқты тақырыптарды қайталайтын, Отбасылық тәрбиелеу күнін өткізуге ұсыныс жасады.  

   Мұндай іс-шаралардың мақсаты – әрбір отбасын, әрбір ата-ананы, өз балаларының тәрбиесі үшін барынша жауапты ету үшін, қоғамның назарын бүгінгі күндегі отбасын нығайту, оның дәстүрлері мен құндылықтарын дамыту мәселелеріне айрықша аударту.

Л.Набитовская