8(7172) 25-65-09, 8(7172) 25-64-09 | г.Нұр-Сұлтан, ул.Халел Досмухамедулы 90

2013 жылы 27 қарашада Отбасылық Тәрбиелеу Институты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар істері жөніндегі комититеті ұйымдастырған «Бірге өмір сүру» фестиваль-конкурсына белсене қатысты.

2013 жылы 29 қарашада Астана қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Қазақстан Республикасында тұлғаны рухани-өнегелік тәрбиелеуді дамыту стратегиясы» ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.

Астана қаласының Отбасылық тәрбиелеу орталығы баланы отбасында тәрбиелеу кезіндегі ата-аналардың педагогикалық мәдениеттерін көтеру мәселесі бойынша ата-аналарды сауаттандыруды жалғастырып келеді.

2013 жылғы 12 қарашадан бастап Отбасылық Тәрбиелеу Институтында  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен орындалып отырған, «Бақытты отбасы» отбасылық тәрбиелеу жөніндегі педагог-психологтардың біліктіліктерін көтеру бағдарламасы бойынша оқуларын тәмамдаған институт түлектерінің аттестациялық курстық жұмыстарын қорғау өткізілді.

Отбасылық Тәрбиелеу Институтының түлегі, Астана қаласындағы медициналық коллеждің отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психологы Кәрімбаева Ботагөз 3 курс студенттерімен «Дағдарыссыз отбасылық өмір» тақырыбында тренинг өткізді.

2013 жылғы 22 қарашада Астана қаласының Отбасылық тәрбиелеу орталығында «Отбасындағы ағайындыларды және әпке-сіңлілерді бәсекелестіктен қалай сақтауға болады» тақырыбындағы отбасылық тәрбиелеу жөніндегі кезекті тренинг өткізілді.

жоғары