2013 жылы 11 қарашада Отбасылық Тәрбиелеу Институтында «Бақытты отбасы» Республикалық жобасының кезекті сессиясы аяқталды.

Сессия бойы Қазақстанның әр өңірінен келген 210 психолог-педагогтар өнімді жұмыс істеді. Тыңдаушылардың білімдерін көтеру үшін институт әкімшілігі әр түрлі ведомствалардың: «Нұр Отан» партиясының, білім беру министрлігінің, әділет министрлігінің өкілдерімен, ҚР Парламентінің сенаторымен, ҚР Жоғары сотының судьясымен кездесулер ұйымдастырды.

Сессия Отбасылық Тәрбиелеу Институты тыңдаушылары дайындаған гала-концертпен аяқталды. Сессияның барысында өзін көрсете білген белсенді тыңдаушыларға алғыс хаттар мен тәтті сыйлықтар табыс етілді.

11 қараша күні Отбасылық Тәрбиелеу Институтының құрылғанына 3 жыл толды. Осы уақыт аралығында институт қабырғасынан 490 психолог-педагог білім алды. Осы күні институт атына біздің кең байтақ Отанымыздың түпкір-түпкірінен көптеген құттықтаулар мен тілектер келді !

Концерттің соңында тыңдаушылар елорданың аспанына әуе шарларын ұшырып, өздерінің келешекте міндетті түрде орындалатын құпия тілектерін тіледі !

Отбасылық Тәрбиелеу Институты тек жаңа білім беріп ғана қоймай, сонымен қатар адамдарға жақсы ықпалын тигізеді, осы жылдар ішінде біздің көптеген тыңдаушыларымыз өздерінің отбасылық жағдайларын жақсартты, тұрмысқа шықты, үйленді, кейбіреулері балалы болды, ал кейбіреулері болса дәл осы уақытта осы бақытты сәтті күтіп жүр. Мұндай қуанышты жағдай біздің ұстаздарымыздың арасында да болды. Улановский Алексей Маркович отбасын құрды.

Бір-бірімен достасып үлгерген оқытушыларымыздың да қоштасуы оңай болмады. Бірақ уайымдауға уақыт жоқ, ертең емтихан – аттестациялық жұмыстарды қорғау.