2013 жылы 9 қарашада Отбасылық тәрбиелеу институтының тыңдаушылары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Жоғары Соттың Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі Қадағалау сот алқасының  Судьясы, профессор, заң ғылымдарының докторы Сүлейменова Ұлболсын Әждарқызымен кездесті.

 «ӘЛЕМДЕ ДАУДЫ ЖЕҢУДІҢ БІР-АҚ ТӘСІЛІ БАР, БҰЛ – ОДАН БҰЛТАРУ» ( Д. Карнеги).

Тыңдаушылармен болған кездесу тақырыбын Ұлболсын Әждарқызы осы сөздерден бастады және оны психологтардың біліктіліктерін көтеру курстарындағы оқыту ерекшелігін ескере отырып, «Медиация» деп атады. Өйткені психолог-педагогтар өздерінің  күнделікті жұмыстарында отбасы мен мектептің өзара әрекеттестігі кезіндегі жаңа технологияға кезігеді, бірақ олардың осы бағыттағы білімдері жеткіліксіз.

Латын тілінен аударғанда, медиация – делдалдық дегенді білдіреді. Дүниежүзінде медиация – дауларды реттеудің көпшілікке кең тараған түрлерінің бірі болып табылады.

Медиация бұл – тараптар арасындағы дауларды соттан тыс шешуге бағытталған заңды рәсім болып табылады. Ол 80%  даулар соттық талқылауға дейін жеткізілмейтін, Америкада, Англияда табысты түрде пайдаланып келеді, Қазақстанда «Медиация туралы» Заң 2011 жылдың қаңтарында қабылданды.

Медиацияның соттан қандай айырмашылығы бар? Сот бұл – мәжбүрлі үдеріс, ал медиация – ерікті үдеріс. Сотта судья тағайындалады, ал медиация кезінде медиатор таңдалады. Сотта шешім құқық пен заң позициясынан қабылданады, ал медиацияда шешімді дауласушы тараптардың өзі және өздерінің мүдделері позициясынан қабылдайды. Дауды медиация кезінде шешу барысында ақша үнемделеді – істі жүргізу бойынша шығындар мен дауды шешу процесі азаматтық құқық бұзушылықтар бойынша барынша жылдам 30 күнге дейін, ал сот  процесі ұзақ болады. Рәсім сипатына қарай медиация жариялы емес, сот жариялы рәсім болып табылады. Медиация дауласу тараптарының өзара қарым-қатынастарын психологиялық ахуал кезінде ынтымақтастық түрінде орнатуға мүмкіндік жасайды, ал сот тәжірибесінде қатаң процессуалдық ережелер сақталады. Медиация кезінде даулардың нәтижелері екі жақты қанағаттандыру түрінде болады, даулармен бітімгерлікпен аяқталады, тараптар  болжанған және өздерін қанағаттандыратын нәтижелерге ие болады, соттық процесте – дау бір жақты қанағаттандырылады, бір жақ істе жеңеді, екінші жақ жеңіледі, соттың шешіміне қанағаттанбау болады. Медиацияны пайдалану жанжал деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді, өзара қарым-қатынас мәдениеті деңгейін көтереді, елдің соттың жүйесінің мәртебесін көтеріп, сенімділігін арттырады.

Бұл тақырыптың тұсаукерсерін аяқтай отырып, Ұлболсын Әждарқызы сот тәжірибесінде медиацияны қолданудың бірқатар ережелерін келтірді. Бұл бағытты біздің елімізде де енгізудің мысалдарына тоқталды, республикамыздың барлық қалаларында бұл жұмыстың жүргізіліп жатқандығына назар аудартты.

Институт тыңдаушысы, Алматы қаласының №48 лицейінің психологы Н.Р.Қасенова ҚР Жоғары Сотының Судьясымен болған әңгімеде өзі жұмыс істейтін лицей Қазақстанда бірінші болып Қазақстандық Медиация Орталығымен Меморандум жасағанын және қазіргі кезде жоғары сынып оқушылары мен педагогикалық құрам арасында медиатор-жетекшілерді дайындау бойынша оқыту үдерісін жүргізіп отырғандығын айтты.

Отбасылық Тәрбиелеу Инститытының Бас директоры С.Л.  Евдокимова Ұлболсын Әждарқызына тыңдаушылармен өткізген тамаша кездесуі үшін алғыс айтты және оның тыңдаушыларға сыйлаған медиация туралы барлық материалы, тек  кездесуге қатысып отырған психологтарға ғана емес, сонымен қатар, кәсіби маман ретінде күн сайын жұмыс істеп, қолдау көрсететін, отбасыларға да маңызды көмек болып табылатындығын атап өтті.

 

Л. Набитовская