Педагог - психологтардың Республикалық отбасылық тәрбиелеу жөніндегі біліктіліктерін көтеру жобасы Астана қаласында өтіп жатқан 4 оқу сессиясын өткізу уақытында институт тыңдаушыларына арналған кездесулер ұйымдастыруын жалғастыруда.

 

Отбасылық Тәрбиелеу Институтының тыңдаушылары – жобаға қатысушылар өткен апта бойы біздің мемлекетімізде отбасы институтын нығайту бойынша қызмет жүрзіп отырған, еліміздің қоғамдық қайраткерлерімен – депутаттармен, партия қызметкерлерімен және мемлекеттік қызметкерлермен асқан қызуғушылықпен және айрықша ілтипатпен кездесті.

2013 жылы 8 қарашада олар үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің Төрайымы Қалымова Венера Қасымбайқызымен танысу және сауалдар қою мүмкіндігі туды. 

Венера Қасымбайқызы педагог-психологтарды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің қызметімен таныстырды. Тыңдаушылар үшін бұл кездесу танымдық сипат атқарды

Ол өз сөзінде Қазақстанның мемлекет болып қалыптасу кезеңінде отбасы-неке заңнамасы алғашқылардың бірі болып бір формациядан, келесі формацияға өтуге байланысты өзгерістерге ұшырады.

Қолданыстағы 1998 жылы шығарылған «Неке және отбасы» туралы заң жалпы азаматтардың және мемлекеттің қажеттіліктерін көрсетті. Бірақ Қазақстан Республикасының соңғы жылдардағы үдемелі дамуы, сондай-ақ мемлекетте жүргізілген реформалар, неке және отбасы туралы заңнамасының әрі қарай дамуын талап ете бастады. Отбасы-неке қатынастары саласының, отбасылық дәстүр, жаңа бағыттарға әрқашан қиындықпен көндігетіні шүбәсіз, өйткені отбасылық дәстүр, оған байланысты наным-сенімдер  барынша іргелі болып табылады. Сондықтан қазіргі кезде «Неке және отбасы» туралы Кодекс жобасын жасаудың мағынасы айқын. Онда кейбір өзгерістер болғандығын, нормативтік құқықтық акті мәртебесінің өзгергендігін атап өткен жөн.

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заң оған негіз болып табылады, оған сәйкес Кодекстер біркелкі маңызды қоғамдық қатынастарды, оның ішінде неке-отбасылық қатынасты да реттеу мақсатында қабылданады. бұдан кейін Венера Қасымбайқызы Кодекстің балаларды асырап алу ерекшеліктерін реттейтін тарауларының біріне жан-жақты тоқталып өтті және шетелдіктердің Қазақстаннан бала асырап алуы бойынша толыққанды статистикалық деректер келтірді, ағымдағы жылы шетелдіктер асырап алған балалардың саны 9 ай ішінде 28 адамды құрағанын атап кетті.

Институт тыңдаушылары кездесу барысында ел өңірлеріндегі балалармен және олардың отбасыларымен болатын проблемалық жағдайларды шешу мәселелері бойынша маманнан кеңес ала алды. 

Кездесу қатысушылары өздерін қызықтырған сауалдардың барлығына толық жауап алды. Олар ел азаматтарының құқықтық сауалдарына жауап беретін ҚР Әділет министрлігінің сенім телефонының нөмірін білді. 

Кездесу педагогтардың-психологтардың біздің мемлекетіміздегі отбасыға және некеге қатысты құқықтық заңдық білімдерге мүдделі екендігін көрсетті, өйткені олардың еңбегі оқушылармен және олардың отбасыларымен, ата-аталар жұртшылығы құқықтық білімдерді жеткілікті түрде біле бермейтін және көбіне педагогтың және заңгердің кәсіби көмегін қажет ететін, қазақстандық отбасыларымен тікелей байланысты. Ұстаздар әрдайым адам тіршілік әрекетінің әр түрлі салаларында білім жетекшілері болып табылады. Сондықтан, біздің ойымызша, бұл кездесу институт тыңдаушылары үшін аса қажет бұл – құқықтық сауаттандыру сабағы болды.

Л. Набитовская