2013 жылы 7 қарашада Отбасылық Тербиелеу Институты тыңдаушылары ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі А.А.Башмаковпен кездесті.

Анатолий Афанасьевич кездесуді, жасалуына өзі тікелей атсалысқан партиясының саяси конституциясы «Нұр Отан» «Нұрлы болашақ жолында!» атты жаңа саяси Доктринасы туралы әңгімеден бастады. Әлемнің көптеген елдерінің саяси партияларының осы бағыттағы тәжірибелерін зерттеп, Доктринаны жасауға жұмыс тобы аса жауапты қарады. Нәтижесінде қазақстан қоғамын гүлденген мемлекет құруға бағыттайтын, заманауи, жақсы ойластырылған және дайындалған партия құжаты пайда болды.

«Білім бұл – білімдар тұлға», - деп Евтушенконың дәйексөздерін келтіріп өтті Анатолий Афанасьевич. Ақынның осы пікірі бүгінде әр қазақстандықты ойлантуы керек.

Білімдар тұлға білімнің биік деңгейін ғана қамтып қоймауы тиіс. Бұл – рухани және өнегелі тәрбие, бұл – биік ұлтжандылық пен азаматтылық, басқалардың мәденииеттерін және тағы басқа көптеген жақтарын білу, бұл адамды  биік өнегелі үйлесімді дамыған, жоғары қабілетті тұлға ретінде сипаттайды. Тәрбиесіз бұған қол жеткізу мүмкін емес. Отбасы –тәрбие туғаннан басталатын, негізгі институт болып табылады.

Институт тыңдаушылары депутатқа сауалдар қойды. Оларды еліміздің барлық оқу мекемелерінің және мектепке дейінгі мекемелердің  педагогтарына арналған «Отбасылық тәрбиелеу» 4 томдық кітабынан тұратын отбасылық тәрбиелеу жөніндегі әдістемелік әдебиетке қол жетімділік мүмкіндігі қызықтырды, олар осы кітап әр сынып жетекшісіне, әлеуметтік қызметкерге, ата-анаға қажет екендігін атап өтті. Сонымен қатар тыңдаушыларды   еліміздің педагог-психологтардың да, сонымен қатар, отбасымен жұмыс істейтін басқа да мамандардың да отбасылық тәрбиелеу жөніндегі біліктіліктерін көтеру жөніндегі Республикалық жобаны жалғастыру туралы мәселе қызықтырды.

Кездесудегі институт тыңдаушыларының қойған сауалдарының бірі:

Біздің Институтқа басқа Министрлік қызметінің отбасымен жұмыс істейтін қызметкерлері жиі жүгінеді. Бұлар – отбасылық тәрбиелеу жөніндегі білітілікті көтеру курсынан өткілері келетін, әлеуметтік қызметкерлер, балалықты қорғау және сақтау жөніндегі инспекторлар, денсаулық сақтау жүйесінің, ІІМ және әскери құрылымдардың, әділет саласының психологтары. Бүгінде Институт еліміздегі білім беру мекемелерінің педагог-психологтарын оқытып, Республикалық отбасылық тәрбиелеу жөніндегі біліктиілікті көтеру жобасын ҚР БҒМ қолдауымен ғана орындап келеді.

Сіз біздің елімізде қазіргі кезде отбасымен жұмыс істейтін мамандарды даярлау мәселесін уақытылы және өзекті деп санайсыз ба және басқа да Министрліктер үшін мұндай бағдарламаны енгізуге және жүзеге асыруға Сіздің қатысуыңыз мүмкін бе?

Отбасылық Тәрбиелеу Институтының Бас директоры С.Л. Евдокимова Анатолий Афанасьевичке кездесу мен тыңдаушылардың қойған сауалдарына берген білікті жауаптары үшін алғыс айтты және Отбасылық Тәрбиелеу Институтының Құрметті Профессоры атағын растайтын құжат пен біздің мекеменің белгісін табыс етті.

Л. Набитовская