Отбасылық Тәрбиелеу Институты өз қызметі барысы бойынша отбасылық саясатқа, мемлекеттегі отбасы мәртебесін нығайтуға және отбасылық дәстүрлерді жаңғыртуға байланысты болатын еліміздің қоғамдық қайраткерлерімен – дептуттармен, партия қызметкерлерімен және мемлекеттік қызметкерлермен кездесулер топтамасын жалғастыруда.

2013 жылғы 6 қарашада Педагогикалық мамандардың отбасылық тәрбиелеу жөніндегі біліктіліктерін көтеретін Республикалық жобада институт тыңдаушылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Мониторинг және ақпараттық-талдау қызметінің басшысы Мәкенова Аяш Мүрсәлімқызымен кездесті.

Аяш Мүрсәлімқызы тыңдаушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті қызметінің тұсаукесерімен таныстырды. Комитет жұмысының басымды бағыттарын ашып көрсетті, балалық бойынша статистикалық деректер келтірді, балалардың құқықтарын қорғау және заңды мүдделерін сақтау  саласындағы халықаралық құжаттардағы ең маңыздысы – нормалары Қазақстан аумағында қолданылатын, Балалардың құқықтары жөніндегі Конвенция және Балаларды қорғау жөніндегі және шетелдік асырап алушыларға қатысты Конвенция екендігіне баса назар аударды.

Қазақстан Республикасының бұл Конвенцияларды ратификациялауы, оның аясында мемлекет қоғамға балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге кепілдік беретін шекараны айқындап берді. «Біздің мемлекетіміздің басымды бағыттарының бірі – әр баланың отбасында тәрбиелену құқығын қамтамасыз ету болып табылады»,- деді Аяш Мүрсәлімқызы.

Отбасылық Тәрбиелеу Институтының Бас директоры С.Л. Евдокимова Аяш Мүрсәлімқызына Комитет қызметі туралы жасаған қызықты шолу тұсаукесері үшін алғыс айтты. Еліміздің мектептерінде «Өзін - өзі тану» пәнін жүргізетін педагогикалық мамандардың сапалы құрамы туралы сұрақ қояды және оны дайындалған мамандармен нығайтуға ұсыныс жасады. Оның пікірінше және инсттут тыңдаушыларының пікірінше, бұл пәнді кәсіби педагог-психологтар жүргізуі тиіс. «Мұны біздің Отбасылық Тәрбиелеу Институтының түлектері тамаша орындай алады», - деді Софья Львовна.

Екі сағатқа созылған кездесу жаймашуақ және танымдық ахуалда өтті. ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті қызметкерінің Институт тыңдаушыларының сұрақтарына берілген жауаптары мен ақпараттық хабарламалары педагог - психологтар үшін аса маңызды болды, өйткені олар біздің елмізде әр баланы бақытты етуге көмектесетін, балалықты қорғауға бағытталған жаңа құжаттардың қабылданғаны туралы білді.

Л. Набитовская