2013 жылғы 5 қарашада Отбасылық тәрбиелеу институтында, «Педагогикалық мамандардың отбасылық тәрбиелеу жөніндегі біліктіліктерін көтеру» Республикалық жобасының 4 аяқтау сессиясын өткізу уақытында тыңдаушылардың «Нұр Отан» Партиясының Қоғамдық саясат институтының өкілі, 15 съезде қабылданған, «Нұр Отан» Партиясының Саяси Доктринасының зерттемесіне қатысушы – Көшкенов Серік Әбдіғалиұлымен кездесуі өтті.

Серік Әбдіғалиұлы тыңдаушыларға партияның негізгі саяси құжаттарының бірі – Доктринаның  қалай дайындалғаны, оны жасау барысында қанша ғалымдардың және сарапшылардың  жұмыс істегені және бүгінгі күні бұл құжат көптеген партияшылар үшін Конституция сияқты, партияның негізгі құжаты болып табылатындығы туралы институт тыңдаушыларына айтып берді.  Партияның Саяси Доктринасында «Біздің құндылықтарымыз» атты тараудың бар екендігіне тыңдаушылардың назарын аударды, бұл тарауда біздің қоғамымыздың негізгі құндылықтары – «Отбасы мен Дәстүрлер» туралы айтылған.

Отбасылық тәрбиелеу институтының бас директоры С.Л. Евдокимова  кездесу қонағын Республикалық жобаның мақсаттарымен және міндеттерімен қысқаша таныстырып өтті. Осы кездесудің институт тыңдаушылары үшін маңызын басып айтты, өйткені олар ел өңірлеріндегі білім беру мекемелерінің педагогтары-психологтары (олардың көбі «Нұр Отан» партиясының мүшелері болып та табылады) болып табыла отырып,  қоғамды Қазақстанның гүлденуіне бағыттайтын, партияның саяси  бағдарын анықтайтын, мұндай маңызды құжатпен таныс болуы тиіс.

Софья Львовна  «Нұр Отан» партиясының өкіліне қазақстандық қоғам үшін соншалықты маңызды және мағыналы отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші мамандығын әрі қарай да қолдау мәселесі туралы жүгінді.

Ол «Нұр Отан» партиясы Доктринада отбасын және отбасылық құндылықтарды, қазақстандық қоғамда отбасы дәстүрін жаппай нығайтуға бағытталған мақсатты нақты анықтағанына, ал Отбасылық тәрбиелеу институтында бұл мақсатты шешуге арналған құралдар бар екеніне және оны ұсына алатындығына назар аударды. Бұл бірінші кезекте педагогикалық, медициналық және отбасымен жұмыс істейтін басқа да мамандардың біліктілігін көтеру. Институт дайындаған мамандар, отбасылық тәрбиелеу жөніндегі 490 маман, біздің мемлекетімізде отбасы институтын нығайту бойынша қазақстандық қоғаммен қоян-қолтық жұмыс істей отырып, партияның осы мақсаттарын шешуге кәсіби тұрғыдан қатыса алады.

Л. Набитовская