4 қарашада сағат 9-да Астанадағы «Алау» орталығында  2013 жылдың төртінші қорытынды сессиясының салтанатты ашылуы өтті.

Қазақстанның барлық өңірлерінен келген студенттер, педагогтар, психологтар өздерінің отбасылық тәрбиелеу жөніндегі біліктіліктерін көтеру үшін бірге бір сабаққа жиналды. Тыңдаушылардың барлығы білім алу аралығында өздері үйренісіп қалған  ұстаздарымен кездескендеріне қатты қуанды.

Сессияның салтанатты ашылуы қуанышты, ән-жырға ,  әдемі әзіл-қалжыңға, шаттық көңіл-күйге толы  және аттестациялау емтиханын асыға күту жағдайында өтті.

Салтанатты бөлім аяқталған соң, тыңдаушылардың барлығы дәрісханаларға тарап сабақтарына кірісті.

Бізді студенттер-психологтардың  институт қабырғасынан алған білімдерін өздерінің күнделікті қызметтерінде пайдаланатындығы қатты қуанатады.

Алғашқы оқу күндері көптеген қызықтар әкелді, жаңа әдістемелер, техникалар, ата-аналарға жәнее балаларға арналған тренингтер мен тестер зерттелді.

Алда көптеген оқу күндері күтіп тұр.

Отбасылық тәрбиелеу жөніндегі болашақ психологтарға табыстар тілейміз!