2013 жылғы 22 қарашада Астана қаласының Отбасылық тәрбиелеу орталығында «Отбасындағы ағайындыларды және әпке-сіңлілерді бәсекелестіктен қалай сақтауға болады» тақырыбындағы отбасылық тәрбиелеу жөніндегі кезекті тренинг өткізілді.

Тренингке №34 және №35 орта мектептің ата-аналары қатысты. Тренингті отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші, №53 мектеп-лицейінің физика пәнінің мұғалімі Луценко  Татьяна  Петровна жүргізді. Татьяна  Петровна  ата-аналармен таныстықты «Лотерея» жаттығуынан бастады, сосын тақырыпқа өтіп, «Отбасындағы ағайындыларды және әпке-сіңлілерді бәсекелестіктен қалай сақтауға болады» тақырыбындағы слайдтық тұсаукесермен таныстырды, кейін ата-аналардың өз балаларымен өзара қарым-қатынасын нығайту үшін жұмыс істейтін: «Бірінші тұлға атынан әңгіме», «Ерекше шағымдар тәжірибесі», «Супер өрескел қылық туралы суперашулы хат», «Үнсіз трагикомедия» сияқты  бірнеше жаттығулар жасады, «Бала-ата-ана қатынасы» бейнефильмін көрсетті, оны ата-аналармен бірлесіп талдады, «Проблемаларды шешу қадамдары» ұсыныстарын таратып берді. онда былай делінген:

1. Балаларға бірдей сыйлықтар сыйлаңыздар.

  • Бұл осы проблеманы шешеді деп болжауға болады. Шындығында да, ағайындылар мен әпке-сіңлілер арасындағы жанжалдар азаяды, бірақ ол толығымен жойылып кетпейді. Мұнымен қоса, бірдей сыйлықтармен қатар, махаббатты, ілтипатты және жазаны да балалардың арасында бірдей бөлу керек. Ал мұны жасау күрделірек!

2. Балалардың мінез-құлықтарын салыстырмаңыз.

  • Балалардың біреуін мақтауға немесе ұрсуға тырысып, ата-аналардың өздері балалардың жанжалдары үшін алғышарттар жасайды.
  • «..ал саған қарағанда, сенің ағаң барлығын жақсы істейді» деп айтып, оларды салыстыруға болмайды..
  • Мұндай сөздерден кейін сәби өзін ағасынан немесе әпкесінен азырақ жақсы көреді деп ойлап қалуы мүмкін.

3. Теңдікті сақтаңыздар.

  • Үлкен баланың жақсы жақтары да көп, бірақ жаман жақтары да аз емес. Көбіне ата-аналар оған көп міндеттер жүктейді, өйткені ол үлкен!
  • Артық кетпеңіз, бала кішкентай бауырын үнемі артынан ертіп жүруге міндетті емес. Оның өз қызығушылығы болады, кейде ол бала күтуші  рөлін атқаруды емес, өз құрдастырымен ойнағысы келеді.

Тренинг ата-аналар үшін аса пайдалы болды, бұл жөнінде пікірлерге қарап айтуға болады:

Раушангүл: «Отбасындағы ағайындыларды және әпке-сіңлілерді бәсекелестіктен қалай сақтауға болады» тақырыбындағы тренинг мен үшін қажет болатын. Менің отбасымда екі балам бар. Әрине, олардың өзара қарым-қатынастарында проблемалар бар. Маманның ұсынысы маған балаларымның жанжалдарын түсінуге көмектесті. «Бірінші тұлға атынан әңгіме»  тәжірибелік жаттығуын ойнау ұнады, бұл жерде біз өз балаларымыз болып ойнадық. Тапсырмада балалар не болғандығын айтулары керек еді, бұл жерде оқиғаны олардың көзқарасы тұрғысынан көруге тырыстық. Бұл ретте «Мен..» немесе «Маған..» сөйлемдерін пайдаланып, бірінші тұлға атынан айтылды. Біз үшін бұл қиын болды. Психолог  бізге жаттығудың ережесін түсіндірді: «Балалар ой арқылы өздерінің орындарын ауыстыруға жеңіл болу үшін, түсіндіру кезінде оларды бір-бірінің жанына қатар (ең дұрысы, бір-біріне қарама-қарсы емес, бірнеше қашықтықта бұрыштай) отырғызу керек. Ойын басталған кезде балалар, екінші ұрысқан бала отырған үстелге отыруы керек.  Әңгімелесу кезінде олардың осы ойында екендігін ұмытпаулары үшін, олардың есімдерін параққа жазуға және әркімге «бөтен» есім беруге болады. Егерде сізге балалардың жанжалдарынан назарды аударуға мүмкіндік туатын болса, онда шын мәнінде не болғандығы туралы сіздің түйіндемеңізді жағымды қабылдауға қол жеткізу және жанжалдан шығу туралы сіздің ұсынысыңызға келісу  жеңіл болады. Айтпақшы, бұл ұсыныстарды шығаруды балалардың өздері де сұрауы мүмкін, бұл ретте, олардың әрқайсысы, оның пікірінше, Коля (Андрюша) татуласу үшін және проблеманы шешу үшін не істегісі келетінін айтуы керек».

Бұл жаттығуды ойнағаннан кейін, мен өзің туралы басқа тұлғаның атынан сөйлеудің қиын екендігін түсіндім. Әрине, ойландым. Мен бұл жаттығуды міндетті түрде өзімнің балаларыммен ойнаймын, өйткені маған бұл проблема енді таныс болды. Ұсыныстарыңызға рахмет».

Ақпаратты дайындаған: А.О.Өмірова