2013 жылғы 12 қарашадан бастап Отбасылық Тәрбиелеу Институтында  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен орындалып отырған, «Бақытты отбасы» отбасылық тәрбиелеу жөніндегі педагог-психологтардың біліктіліктерін көтеру бағдарламасы бойынша оқуларын тәмамдаған институт түлектерінің аттестациялық курстық жұмыстарын қорғау өткізілді.

Қорғауға біздің еліміздің барлық өңірлерінен келген 210 педагог-психологтардың барлығы жіберілді. Әр түлек С.Л.Евдокимованың «Бақытты отбасы» авторлық бағдарламасына сәйкес, институт түлектеріне қорғау үшін ұсынылған жиырма бір тақырыпты негізге ала отырып, өздігінен таңдап алған тақырып бойынша курстық жұмыспен жұмыс істеді.

Аттестациялық комиссияның құрамына ҚР академиктері, профессорлары, мемлекеттік құрылымдардың, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, институттың алғашқы түлектері кірді.

Курстық жұмыстар сәтті қорғалған соң барлық түлектерге «Отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші» біліктілігі бойынша кәсіби қайта дайындаудан өткені туралы куәлік (қосымшасымен бірге) пен институттың төсебелгісі табыс етіледі.  

Курстық жұмыстарды қорғауды өткізу, түлектердің аттестацияға дайындығы жыл өткен сайын барынша табысты болып келе жатқандығын,  көптеген әр түрлі психологиялық-педагогикалық әдістемелерді қолдана отырып курстық жұмыстың зерттеушілік бөлігін жүргізуге деген қызығушылық артып, жыл санап материалдардың тұсаукесерлері қызықтырақ бола түскендігін көрсетті, қорғау жұмыстары мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Әр жұмысқа берілген пікір бар. Бұған қоса, әр түлек курстық жұмыспен бірге қазақстандық қоғамда отбасын және отбасылық тәрбиелеуді нығайтуға бағытталған Республикалық жобаның мағынасы туралы жазған өзінің мақаласын тапсырады.

Л. Набитовская