Астана қаласының Отбасылық тәрбиелеу орталығы баланы отбасында тәрбиелеу кезіндегі ата-аналардың педагогикалық мәдениеттерін көтеру мәселесі бойынша ата-аналарды сауаттандыруды жалғастырып келеді.

 

Орталық бұл жұмысты қайырымдылық тұрғысында өткізеді. 2013 жылы 29 қарашада «Ер-Төстік» және «Еркетай» балалар бақшаларының ата-аналары үшін «Баланы теле-және интернет тәуелділіктен қалай қорғауға болады» тақырыбында кезекті сабақ өткізді, оны отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесшілер А.Б. Ахметова мен А.О.Өмірова өткізді.

Бұл сабақ біздің Республикамыздағы Тұңғыш Президент Күнін мерекелеу күні қарсаңында өтті, сондықтан да тренингке №26 орта мектептің оқушылары ата-аналарды мерекемен құттықтау үшін, концерттік нөмірлерін ала келіпті.

Елена «Астана» әнін шырқаса, ал Бекзат отбасы туралы жыр шумақтарын айтты.

Әсият Бапанқызы Ахметова ата-аналарға теле-және интернет тәуелділік туралы әңгімелеп, «Компьютерлік тәуелділік» бейне-фильмін көрсетті және ата-аналарды екі топқа бөліп  «Ой-талқы» жаттығуын жасады. Тапсырма былай болды: 1 – ата-аналар тобы «Балалардың теле-және интернет тәуелділіктерінің себептерін» ойлап тауып, ватманға жазулары тиіс болды, ал 2 топ – Баланың көңілін теле-және интернет тәуелділіктен басқаға қалай аударуға болатындығын» анықтаулары керек болды.

Тапсырманы орындаған әр топтың ата-аналары өздерінің жобаларын қорғады және келесідегідей қорытындылар шығарды:

«Біздің ойымызша, ата-аналар әрдайым өз балаларының телевизор экранының алдында қанша уақыт отыратындықтарын бақылауы тиіс.

Ешуақытта телевизорды немесе компьютерді электрондық күтуші ретінде пайдалануға болмайды.

Баланың бос уақытын өткізуі үшін, телевизормен немесе компьютермен байланысы жоқ кәсіп таңдау керек: бұл конструктор ойыны, сурет салу, оқу, пазлдар және т.с. болуы мүмкін.

Баланы өзінің жеке үлгі-өнегесімен иландыру қажет.

Баланың өміріне қызығушылық таныту керек.

Баламен қарым-қатынас жасай білу керек, өйткені, жер шарындағы ең құнды нәрсе бұл – адами қарым-қатынас жасау».

Берілген тақырып бойынша ұсыныстардан және ата-аналардың сөйлеген сөздерінен кейін, Айнұр Оралбекқызы Өмірова тренинг қатысушыларына «Құлақтарды уқалап-сипау» жаттығуын жүргізді, осылайша, қарым-қатынасқа тәрбиелеу үдерісінде, өз балаңды ести білудің және тыңдай білудің маңыздылығына ата-аналардың назарын тағы да бір рет аударды.

Бұл жаттығудың мақсаты – әңгімелесушінің құлағына барынша көп қошемет сөздер айту. Фототүсірілімдерден жаттығуды орындаушылардың бет-әлпеттерінің эмоционалды түрде қалай өзгеріске ұшырағандығын байқауға болады. Бұл жаттығуды балалармен де, сондай-ақ олардың ата-аналарымен де жиі өткізу керек, өйткені ол адамдарды жақындатады, көңіл-күйлерін көтереді, жағымды әсер қалдырады, сенімділіктерін және өзін-өзі бағалауларын арттырады.

Баланың да, жасөспірімнің де, ересектің де компьютерге тәуелді болуы ешкімге құпия емес, бірақ егер:

  • Сіздің отбасыңызда татулық, тыныштық және сенімділік ахуал болса;
  • Сіздің балаңыздың жан-жақты қызығушылығы болса;
  • Айналаңыздағылармен жақсы қарым-қатынас жасай аласаңыз;
  • Өз алдыңызға ең болмағанда, кішкентай ғана мақсат қоя алсаңыз, бұдан құтылудың жолы бар.

Тренингке қатысқан ата-аналар белсенді жұмыс істеді және кері байланыс кезінде ата-аналарды сауаттандыру мәселесі жөнінедегі өз пікірлерін білдірді.

Раузия: «Бұл тренингте мен интернет тәуелділік туралы өз білімімді толықтырдым. «Интернет тәуелділік» туралы ең алғаш рет 1995 жылы АҚШ доктор И. Голджбергтің жазғаны туралы білдім. Оның медициналық мағынасы жоқ, бірақ қалыпты өмірді ығыстырып шығару қаупін төндіретін, өзін-өзі бақылаудың төмен деңгейінен байқалатын психологиялық бұзушылықты болжайды.

Мен психологтардың айтқан балаға көп уақыт бөлу керек, оған махаббат сыйлап, жиі күліп, міндетті түрде бақылау керек деген пікірлерімен келісемін.  Сіздерге осындай маңызды және қызықты тренингтер үшін алғыс айтамын. Маған қатты ұнады!!!».

Ақпаратты дайындаған А.О.Өмірова.