2013 жылы 29 қарашада Астана қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Қазақстан Республикасында тұлғаны рухани-өнегелік тәрбиелеуді дамыту стратегиясы» ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.

Конференцияның жұмысына білім беру ұйымдарының, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, мұғалімдер, сондай-ақ Отбасылық тәрбиелеу институтының директоры Л.Н.Набитовская да қатысты.

Конференция жұмысының барысында пленарлық отырыс өтті, оған, 12 қатысушы қатысты, әрі қарай жұмыс үш секция бойынша жүргізілді. Бұл секциялар: 1- Тұлғаны рухани-өнегелік тәрбиелеу жүйесінің теориялық-  методологиялық негіздері; 2- білім беру үдерісіндегі рухани-өнегелік тәрбиелеудің инновациялық технологиялары мен әдістемелері; 3- әлеуметтік институт, тұлғаны рухани-өнегелік тәрбиелеудің жүйе құраушы факторы ретінде.

Конференцияның пленарлық бөлігінде  төменде аталған ғалымдардың баяндамалары жарқын әрі мазмұнды болды: «Шекарасыз оқыту» Заманауи педагогика орталығының директоры, профессор Рудик Георгий Алексеевичтің «Тәрбиелеудегі үш тұғырлы мақсаты – ақыл, эмоция және энергетика»; «Бөбек»  ҰҒПСОО Адамның үйлесімді дамуы институты директорының орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты Мұқажанова Рысты  Әбдіразаққызының «Өзін-өзі тану» өнегелі-рухани құрылымы бағдарламасын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер»; Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің жалпы және этникалық педагогика кафедрасының профессоры  Қожахметова Клара Жантөреқызының  «Ұлттық құндылықтар – рухани-өнегелік тәрбиенің өзегі».

Конференцияға қатысушылар ұлттық құндылықтардың өзгеріске ұшырап жатқан жағдайында тұлғаны рухани-өнегелік тәрбиелеу проблемасының өзектілігін атап өтті. Білім беру үдерісіндегі рухани-өнегелік тәрбиелеудің инновациялық технологиялары мен әдістемелерін жетілдіру жолдары мен келешегін, отбасы әлеуметтік институтын көтеру мүмкіндігін талқылады.

Конференция жұмысының қорытындыларын шығарғаннан кейін, біздің пікірімізше, маңызды тармақтар енгізілген, ұсыныстар қабылданды: отбасы әлеуметтік институтының тәрбиелеу әлеуетін күшейту бойынша жұмысты жетілдіру; білім беруде тәрбиелеудің сөзсіз басымдылығына қол жеткізу; мектептердің сынып жетекшілерінің белсенді ұстанымын қалыптастыруды көтеру, педагогикалық мамандардың кәсіби құзіреттіліктерін дамыту тиімділігін арттыру.

Л. Набитовская