2013 жылы 27 қарашада Отбасылық Тәрбиелеу Институты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар істері жөніндегі комититеті ұйымдастырған «Бірге өмір сүру» фестиваль-конкурсына белсене қатысты.

Іс-шара жастар мәдениетінің құндылықтар жүйесін қалыптастыруға бағытталды және Астана қаласындағы Қазақстандық-Ресейлік Университет негізінде өтті.  

Мақсатты аудиториясы барынша ауқымды болды. Фестивальға Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және біздің еліміздің басқа да облыстарының студенттері мен педагогтары және жастардың ҮЕҰ басшылары келді, сондай-ақ фестивальға әділет органдарының (АХАЖ), салауатты өмір салтын ұстану орталықтарының өкілдері, депутаттар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қоғамдық қайраткерлер, жастар қозғалысының көшбасшылары да қатысты.

Фестивальдің бағдарламасы бірнеше блоктан тұрды: диалогтық алаң – ол оқыту-дамыту және танымдық сипатта болды және қатысушыларды «Бірлік-Единство.kz».  конкурсының жеңімпаздарын марапаттау.

Диалогтық алаңның модераторы ОтбасылықТәрбиелеу Институты болды. Институт директоры Набитовская Любовь Николаевна фестивальға қатысушылардың назарын осы іс-шараны өткізудің негізгі мақсатына: Қазақстан жастарының рухани-өнегелік құндылықтарын, азаматтылықтың негізі ретінде нығайтуға және дамытуға аударды.

«Мүдде», «құндылық», «мақсат» санаттары маңызды қозғаушы күштерді  және қоғамдық қатынастардың бағдарларын, адамдардың, сондай-ақ мемлекеттік саясаттың әрекеттерін және қызметтерін сипаттайды. Қазақстан басқа да кез келген мемлекет сияқты, өзінің саясатын жасайды және жүзеге асырады; ұлттық құндылықтарды және мүдделерді ескере отырып, оның мақсаттарын анықтайды, міне қазіргі таңда да «Нұр Отан» партиясының  негізгі құжаты – Доктринаның да бір тарауына  адамның және азаматтың өмірлік ұстанымын, оның қоғамға және мемлекетке, оның өткеніне, қазіргісіне және болашағына деген қатынасын, көп ұлтты Қазақстанның ұлттық игілігін сақтау және көбейту үшін жауапкершілікті анықтайтын ұлттық құндылықтар енгізілді.

Халықтың рухани байлығының бұл өнегелік-этикалық жүрегі отбасынан басталады,-деп атап өтті Л.Н.Набитовская.  

Диалогтық алаңның теориялық блогы Институттың әдіскері, отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші А.Т.Матаеваның сөйлеген сөзімен жалғасты. Ол өз кезегінде қатысушыларды заманауи жастардың өмірлік құндылықтары түсінігімен таныстырды және «Менің мұрам» тренингін өткізді.

Фестивальдің бірінші блогының ақтық бөлігінде  25 жылдан астам уақыт некеде тұрған қатысушы отбасыларды, «Үлгілі отбасы» аталымындағы конкурс жеңімпаздары марапатталды. 

«Бірге өмір сүру» фестиваль-конкурсының шыңы  «Менің Қазақстаным» тақырыбындағы «Үздік бейне ролик» және «Үздік постер» жастар конкурстарының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау болды.

А. Матаева