Отбасылық Тәрбиелеу Институты өңірлерде ағымдағы жылдың қазан айында  қазіргі заманғы қазақстандық қоғамда отбасы мен отбасылық құндылықтар мәртебесін нығайту жөнінде ата-аналар жұртшылығымен жүргізілетін  ағарту жұмыстарының жоспарлы іс-шараларын жүргізуге әдістемелік көмек көрсету, қолдау және қатысу мақсатында  құрылған Отбасылық тәрбиелеу орталықтарына сапарын жалғастыруда.

 

2013 жылы 4 желтоқсанда Бас директоры С.Евдокимова бастаған Институт қызметкерлер Институттың түлегі, отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші С.Ж.Күленова жетекшілік ететін Қарағанды қаласындағы Отбасылық тәрбиелеу орталығына барды.

Бұл күні Қарағанды қаласында №1 қалалық емхана басшылығының қатысуымен ата-аналарға арналған Отбасылық тәрбиелеу мектебі ашылды. Емхана меңгерушісі Р.С.Рәзиеваның атынан емхана басшылығының Институттың өңірдегі отбасылардың педагогикалық мәдениеттерін көтеру, бақытты отбасын құру кезінде отбасылық тәрбиелеу қателіктерін жою бойынша ағартушылық жұмыс жүргізу туралы бастамасын қолдағаны өте қуанышты.

№1 емхана меңгерушісі салауатты психологиялық ахуал болған кезде бақытты отбасы болады деп санайды. Ал дәрігер мен отбасылық психологтың бірлескен жұмысы бұл – салауатты отбасын құрудың кілті!!!. Ата-аналар мектебінің бірінші сабағына 60 адам жиналды.

Отбасылық Тәрбиелеу Институтының Бас директоры С.Л.Евдокимова мектептің салтанатты ашылуының барлық қатысушыларын құттықтап, біздің мемлекетімізде отбасыға және отбасылық тәрбиелеуге көп көңіл бөлінетіндігін атап кетті.  Біз мұны партияның 15 съезінде қабылданған «Нұр Отан» партиясы саяси Доктринасының «Отбасы және дәстүрлер» тарауынан көреміз. Оның баяндамасы өте жарқын әрі қызық болды. Ата-аналарға айтылған сөздер, оларды өздерінің отбасы, еліміздің әрбір тұрғыны үшін отбасының маңызы туралы,  адамның қандай өмірлік жолының отбасымен байланысты екені, әр отбасында қандай өмірлік және рухани құндылықтар және басымдылықтар  болатындығы туралы, балалар мен ересектердің өзара қарым-қатынастары туралы, қалайша жақсы ата-ана болып, бақытты отбасын құру керектігі туралы ойлануға мәжбүр етті. Бұл сауалдардың барлығына жауапты С.Л.Евдокимованың ана-аналарға және отбасылармен жұмыс істейтін педагогтарға, психологтарға арнайы жазылған Отбасылық тәрбиелеу жөніндегі 5 кітабынан табуға болады, олар отбасылық тәрбиелеу жөніндегі педаогогикалық мәдениетті және функционалдық мәдениетті көтеруге ұсынылған. 

Софья Львовна емхананың меңгерушісі Р.С.Рәзиеваның отбасына және отбасылық тәрбиеге көрсеткен айрықша ықыласына алғыс айтып, медицина мен педагогика әрқашан бір-бірін толықтырып, соңғы нәтиже – салауатты бақытты отбасын құруға жұмыс істейтіндігін атап өтті. Бұл мақсатқа жетуге бүгіні құрылып отырған Отбасылық тәрбиелеу мектебі міндетті түрле көмектеседі.

Ата-аналарға арналған Отбасылық тәрбиелеу мектебін құру еліміздің барлық өңірлерінде әр оқу орнында және еңбек ұжымында жаппай жүріп жатыр, бұл отбасы мәртебесін лайықты деңгейге көтеріп, біздің мемлекетімізде отбасы дәстүрін қадірлеуге алып келеді.

2014 жылы Отбасылық Тәрбиелеу Институты еліміздің барлық өңірлерінде Отбасылық тәрбиелеу мектептерін құруды жоспарлап отыр, бұл болса, отбасылық тәрбиелеу мәселелері жөнінде ата-аналар жұртшылығының білімдерін көтеретін жүйелі жұмыс жүргізуге және отбасылардың бұзылу көрсеткішін төмендетуге мүмкіндік береді.

Л. Набитовская