Бүгінде бала тәрбиесімен айналысатындардың арасында арнайы әдебиеттен табуға немесе тіпті тәжірибелі әріптестерінен сұрап, жауабын табуы қиын болатын мәселелер туындайды, атап айтқанда:

  • Балалардың психологиялық проблемаларын шешкен кезде оларға қалай көмек көрсетуге болады?
  • Ештеңеге көнбейтін менің «қиын» баламмен қалай жұмыс істеуге болады?
  • Баланың балалар бақшасына бейімделуіне қалай көмектесуге болады?
  • Қателеспей, баланың дарынын уақытында қалай анықтауға болады?
  • Ата-аналармен қарым-қатынасты қалай құруға болады?

Әдетте, жеке меншік балалар бақшаларының тәрбиешілері біліктіліктерін көтеру курстарынан сапалы түрде өте алмайды, өйткені қазіргі заманғы білім беру жүйесі көбіне мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелермен жұмыс істеуге бағдарланған және жеке меншік балалар бақшаларының қызметкерлерін біліктілікті көтеру курстарына тарту, көбіне олар үшін қол жетімсіз болып қалып отырады.

Отбасылық Тәрбиелеу Институты осы проблеманы Жаңа жыл қарсаңында шеше отырып, жеке меншік балалар бақшалары тәрбиешілері үшін педагогикалық мамандардың отбасылық тәрбиелеу жөніндегі біліктіліктерін көтеру курстары бойынша жаңа арнайы жобаны іске қосты.

Бұл жобаны жасау идеясы институтқа тиесілі. Бұл заманауи отбасылық педагогиканың және психологияның инновациялық технологияларын және әдістемелерін пайдалана отырып, жеке меншік мектепке дейінгі балалар мекемелері тәрбиешілерінің отбасындағы бала тәрбиесі мәселесінде  кәсіби білімдерінің сапасын арттыру; жеке меншік балалар бақшалары педагогтарының ата-аналармен қарым-қатынастағы педагогикалық мәдениеттерін көтеру; ата-ана-тәрбиеші-бала өзара қарым-қатынастарын құрудағы дұрыс психологиялық-педагогикалық тәсілді іздеу және таңдау мақсатында пайда болды. Және де тәрбиешілер арнайы тестсіз және диагностикалық техникаларсыз, әр түрлі балалардың терең психологиялық ерекшеліктерін түсінуге, әр баланың кілтін таба білуге үйренулеріне бағытталған, өйткені курстың негізі психологияның және педагогиканың классикалық және заманауи  бағыттарымен құрылған, авторлық әдістеме болып табылады.

Астана қаласы жеке меншік балалар бақшаларының 15 тәрбиешісі 18 желтоқсаннан бастап аталмыш курс бойынша сабақтарын бастап кетті. Курс қысқа мерзімді. Бір апта ішінде орындалады. Сабақты институт қызметкерлері – педагогтар, отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог- кеңесшілер жүргізеді. «Бақытты отбасы» курсының негізіне профессор С.Л. Евдокимованың мектепке дейінгі кезеңдегі балалар тәрбиесі бойынша мектепке дейінгі балалар мекемелерінің тәрбиешілеріне және ата-аналар жұртшылығына арналған отбасылық тәрбиелеу жөніндегі әдістемелік құрал алынған. Бұлар – «Мектепке дейінгі балаларды отбасылық тәрбиелеу», «3-6 жас аралығындағы баланы қалайша дұрыс тәрбиелеп-өсіруге болады» кітаптары.

Курстарды өткізу уақыты ішінде жеке меншік балалар бақша тәрбиешілері бағдарламаның келесі тақырыптары бойынша жұмыс істейді: Отбасылық тәрбиелеу: қағидаттары, ережелері мен әдістері.

Мектепке дейінгі жастағы баланың психикалық даму ерекшеліктері. Мектепке дейінгі жастағы баланың дамуындағы әдеттегі проблемалар. Ұсақ моториканы, есті, зейінді, ойды, сөйлеуді дамыту, Бала бақша мен баланың отбасы ынтымақтастығының заманауи әдістері.

Сабақтарда отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесшілер отбасымен жұмыс істеудің жаңа әдістемелерін және технологияларын пайдалана отырып шеберлік сыныптарын өткізеді.

Осы жоба жеке меншік балалар бақша тәрбиешілеріне отбасын және отбасылық құндылықтарды нығайтуға мүмкіндік беретін дағдыларды иемденуге, балалар бақшасына келетін балалардың ата-аналармен қалай дұрыс қарым-қатынас жасауға қажетті біліммен қарулануға, психологиялық кеңестер жүргізуде қолдау мен көмек көрсете білуге және т.б.жағдай жасайды.

Сабақтың төрт күні  тәрбиешілердің аталмыш бағдарламаға деген қызығушылықтарының артуын көрсетті, өйткені олар бұл курстардан тек жаңа білімдер алып ғана қоймай, сонымен қатар өздерінің отбасыларындағы да тәрбиелеу қызметінің ахуалын талдау мүмкіндіктерін, өздерінің «МЕН-імен» жұмыс істей білуге үйренді, әріптесерінің отбасыларындағы отбасылық тәрбиелеу деңгейлерімен және дағдарысты өмірлік жағдайларымен танысып, салыстыру үшін бірегей тәжірибе жинады, әрі қарай отбасылық өзара қарым-қатынастарды нығайту бойынша көмекке, психологиялық кеңеске және ұсыныстарға ие болды.

Педагог-тәрбиешілер бұл бағдарлама олар үшін өте маңызды әрі өзекті екендіктерін айтып отыр, өйткені институт қабырғасында өткізген әр күні олар үшін жаңа материалдарды меңгереді, оларды кейіннен өздерінің отбасымен жұмыс істеген кезінде пайдаланатын болады.

«Бізге мұнда қызықты, жайлы, қолайлы. Теория мен тәжірибе, тренингтер мен шеберлік сыныптары бізді оқу үдерісіне тартады. Біз өте белсенді жұмыс істеп, қызықты жобалық әдістемелер, арт-терапия, дене терапиясы жаттығуларын, рөлдік ойындарды үйренудеміз. Мұндай жоба бізге өте қажет!!! Біз  оның барлық ата-аналарға қажет екендігіне сенімдіміз!!!».

Л. Набитовская.