2013 жылы 20 ақпанда Астана қаласының Отбасылық тәрбиелеу орталығында №37 және №38 орта мектептердің ата-аналарымен тренинг өткізді. 18 ата-ана қатысты.

Тренингті Отбасылық Тәрбиелеу Институтының түлегі, отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші, №25 мектеп директорының орынбасары  Оспанова Гүлнәр Әбдісалыққызы өткізді.

Психолог ата-аналарға жасөспірімдердің суицидалдық мінез-құлықтарының себептері туралы айтты, Қазақстандағы жасөспірімдік суицидтің статистикасын келтірді, ата-аналардан өз балаларын қалай тәрбиелеп жатқандықтары туралы, отбасындағы балаға қаншалықты назар аударатындықтарын, қанша уақыт бөлетіндіктерін сұрады.

Гүлнәр Әбдісалыққызы ата-аналарға «Мен сені жақсы көремін»  фильмін көрсетті. Оны көргеннен кейін әр ата-ана өз баласына сүйіспеншілік сөздерін айту қажеттігі және бұл сөздердің бала үшін қаншалықты маңызы бар  екендігі туралы ойланды.   

Сосын жетекші ата-аналардың көңіл-күйін көтеру үшін,  эмоционалдық сезімдерді, зейінді дамытуға арналған «Титаник» ойынын ойнап, дене терапиясы  әдістемесі бойынша жаттығу жүргізді.

Тренингтің соңғында ата-аналар өз балаларына арнап сүйіспеншілік хаттарын жазды.

Тренинг ата-аналарға ұнады, олар бұл жөнінде кері байланыс кезінде айтты:

И.Қожахметова «Мен үшін тренинг қызықты болды, мен өзіме қажетті көп нәрсені білдім. Тақырып өте өзекті, біз ықтимал суицидалдық мінез-құлықтың себептері, оның типтері туралы білдік, мұндай мінез- құлықты анықтау бойынша ұсыныстар алдық. Мен бұрын өзімнің кемшіліктерімді ұғындым және міндетті түрде өзіме қажетті ой түйетін боламын. Барлық қызметкерлерге алғыс айтқым келеді!».

Бойко Инна: «Қызықты әңгіме үшін рахмет. Бұл маған баламның «мені жақсы көрем»,- деп айтқан кезінде, тоқтай тұр, уақытым жоқ»,-деп жауап беретін өз отбасымдағы сәттерді  еске түсті. Мен бұл кезде дұрыс істемейді  екенмін! Енді мен өз балама олай жауап бермейтін боламын! Көмектеріңізге рахмет».

Шәріпова Гүлмира: «Орталық өркендей берсін және біздің өмірімізге бүгінгі таңда әр ата-ана үшін қажет, отбасылық тәрбиелеу мәселелері туралы білімдер мен жағымды жаңалық әкеле берсін! Рахмет».

Ақпаратты дайындаған А.Өмірова.