Құрметті достар, осыдан бірнеше күн бұрын біз сіздерге өзіміздің жаңадан ашылған «Мектепке дейінгі балаларға арналған жеке меншік мекемелердің тәрбиешілеріне арналған отбасылық тәрбиелеу бойынша жедел курстар» жобамыз туралы айтқан болатынбыз. Міне тыңдаушылардың алғашқы легі оқуларын тәмәмдады.

Бір аптаның ішінде тәрбиешілер отбасылық педагогика және психология саласындағы өздерінің кәсіби білімдерді көтерді. Балалармен және отбасымен өзара қарым-қатынасты жақсарту бойынша жұмыс істеу жөнінде жаңа әдістемелердің шеберлік сыныптарынан өтті, мектепке дейінгі жастағы баланың психикалық ерекшеліктерімен, бала дамуының әдеттегі мәселелерімен, отбасылық тәрбиелеудің стильдерімен, әдістерімен, ережелерімен және функцияларымен танысты.

Семинар сабақтарын біздің Институтымыздың психолог-кеңесшілері, мамандары жүргізді. Курс аяқталғаннан кейін жобаның барлық қатысушыларына курстан өткенін растайтын сертификаттар табыс етілді.

Жобаның алғашқы қатысушыларының - Астана қаласы жеке меншік балалар бақшаларының тәрбиешілерінің пікірлерін ұсынамыз.

«Мектепке дейінгі жастағы балаларды отбасылық тәрбиелеу жөніндегі білім алу курсынан өту мүмкіндігі үшін, өз ісінің білікті мамандары институт қызметкерлерімен, қызықты адамдармен танысқандығыма ризашылығымды білдіремін! Мен бұл жерден өзіме жаңа достар таптым және балалармен жұмыс істеу үшін бағасы жетпес тәжірибелерге ие болдым! Сіздер орасан зор, бастысы болашақ ұрпақ үшін қажетті жұмыс істеп жатырсыздар! Қатты ризамын! Сіздердің қазіргі кездегі және жаңа жобаларыңызға да шын ниетіммен қатысатын боламын. Жаңа кездесулерді асыға күтемін!»,-деп жазыпты жобаның алғашқы түлегі Әсима.

Ал тағы да бір курс тыңдаушысы Зайнулиннова Айгүл болса: «Мол, бағалы әрі пайдалы ақпарат алдым! Курс қызық, материалдары жақсы таңдалған, педагогтар тамаша, ұжым өте тату. Қысқа уақыттың ішінде достасып кеттік! Маған барлығы ұнады!»,- деп өз тілегін білдіріпті.

Мұсаева Пәтима Әбдиханқызы:

«Менің жолым болғыш адаммын, өйткені мен Отбасылық тәрбиелеу институты туралы өз құрбыларымнан білдім. Институттың сайтына шығып, бұл ұжымның ақпараттық блогымен таныстым. Отбасылық тәрбиелеу жөніндегі жедел курстарға тәрбиешілерді қабылдап жатыр дегенді біліп, мен курсқа бар ынтамен жазылдым. Оған өкінбеймін де. Мен өзім үшін бұл жерден психология бойынша орасан зор білім қорын меңгердім. Маған керегі де осы болатын!!!

Институт қызметкерлеріне алға қойған жоспарларын жүзеге асыру барысында мол табыстар тілеймін және ұстаздардың, тәрбиешілердің және ата-аналардың кәсіби шеберліктерін көтеру бойынша мұндай өте пайдалы семинарлық сабақтарды жалғастыра беріңіздер дегім келеді!

Келе жатқан 2014 жылы институттың барлық жақсы бастамалары мен жобалары орындала берсін!!»».

Л. Набитовская