2013 жылы 25  желтоқсанда Отбасылық тәрбиелеу институтында Астана қаласының №20, №29, №30 балалар бақшаларына баратын тәрбиеленушілердің ата-аналарымен отбасылық тәрбиелеу жөніндегі тренингт өтті.

Тренингті Отбасылық тәрбиелеу институтының түлегі, отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші Похлебаева  Ольга  Васильевна өткізді.

 

Тренингте психолог белгілі америкалық психологы  Чампион Курт Тойчаның «Отбасылық тарихты зерттеу және генограмма жасау» әдістемесін 

пайдаланды. Ата-аналар «Шежіре ағашы» жаттығуын жасай отырып ақ қағазға өздерінің отбасылық шежіре ағашының суретін салды, өздерінің ата-

бабаларының, ата-аналарының есімдерін еске түсірді, олардың қалай өмір сүргендіктерін, немен айналысқандарын, қандай аурулармен ауырғандарын, 

отбасында қандай қарым-қатынастар болғанын, қысқаша айтқанда, өздерінің ата-бабалары туралы бар білетіндерін айтты. Ата-аналар әрқайсысы өздерінің 

суреттері туралы айтты және жас ұрпақтың бойларынан анықталған проблемалардың, ата-бабаларының отбасыларынан да анықталғаны туралы қорытынды шығарды. Мәселен, бабасынан мұраға қалған, болашаққа  қорқынышпен қарау сезімі. Психолог  тренингтің соңында ата-аналарды өзінің «Менін» ұғынуға, болашаққа деген жақсы көңіл-күй стратегиясын дамытуға жұмыс істейтін аффирмациялармен таныстырды, мәселен, «Мен өз өміріме тек денсаулықты, амандықты, сүйіспеншілік пен махаббатты ғана тартамын».

Ал ата-бабаларынан қорқыныш сезімі мұраға қалған ата-анаға келесі аффирмациялар ұсынылды:

«1. Енді мен білемін, мен – өзімнің атам емеспін, сондықтан мен толық көлемде өзімнің қуанышта, тыныштықта, өз өміріме қанағаттанушылық сезімінде  өмір сүру құқығын пайдаланамын.

2. Енді мен өзімнің айналамдағының барлығы менімен өзара әрекеттестік еткісі келетіндігін білемін. Мен жеткілікті түрде ілтипат пен түсіністікке қол жеткізе аламын.

3. Енді мен өзімнің бойымда айналамдағылармен жақын, жылы қарым-қатынас орнату үшін, қажеттінің барлығының бар екендігін білемін». 

Тренингте ата-аналармен жұмыс істей отырып Ольга Васильевна олардың назарын аса көрнекті ақындардың, жазушылардың отбасылық шежіре ағашына аударты. Мәселен, Александр Сергеевич Пушкин.

Ақпаратпен танысқан психолог отбасылық тарихты зерттеу бойынша жұмысты үйде өз отбасының мүшелерімен жалғастыруға және әрине өздерінің генограммаларын жасауға кеңес берді.

Тәжірибелік жұмыстан кейін барлығы отбасы турады бейнефильм көрді. Ол фильмнің желісі отбасылық тарихқа негізделіп, мұнда отбасының татулығы мен бірлігі тақырыбы  ашылған.

Тренинг ата-аналарға өте ұнады, бұл жөнінде кері байланыстағы пікірлерінен білуге болады:

Әйгерім Рысбаева:«Осы семинардан алған ақпарат, пайдалы кеңестер мен құзіретті жауаптар үшін шынайы алғысымды білдіремін. Мұндай тренингтер көп өтсін деген тілек білдіремін, өйткені шын мәнінде отбасылардың, атап айтқанда, балалардың көпшілігі салауатты, тату, ілтипаттыц ата-аналардың болуына мұқтаж. Өздеріңіздің тренигтеріңіз жайлы балалар бақшаларында, мектептерде, қалада көп ақпараттың таралуын ұсынамын. Ұсыныстарыңызға рахмет!».

Майдарбек Сара: «Көп рахмет, маған қатты ұнады, мен ғылым тұрғысынан, отбасын қалай сақтау керектігі туралы көптеген ақпараттар алдым, генограмма жасауға үйрендім, жақсы нәтиже! Әрі қарай дами берулеріңізге тілектеспін!»,

Салтанат: «Бүгінгі өткізген тренинг өте тамаша өтті. Жақсы сөздер, ақылды сөздер айтылды. Үлкен рахмет!»

Омирова А.О.