2014 жылы 20-24 қаңтар аралығында Отбасылық тәрбиелеу Орталығында педагогтарға арналған отбасылық тәрбиелеу жөнінде курстар өтті. Сабақтарға балалар бақшаларының, мектептердің педагогтары-психологтары, дефектологтары, логопедтері қатысты.

Сабақ келесідегідей тақырыптар бойынша бес күнге созылды:

  1. Отбасылық тәрбиелеу. Тәрбиелеу әдістері мен формалары;
  2. 3-6 жас аралығындағы балалардың психикалық үдерістері;
  3. 3-6 жас аралығындағы балалардың әдеттегі проблемалары;
  4. Ұсақ моториканы, зейінді, жадыны, сөйлеуді, ойлауды дамыту;
  5. Педагогтар мен ата-аналардың өзара әрекеттестігінің заманануи әдістері.

Курс  аяқталған соң педагогтарға  сертификаттар табыс етілді.

Педагогтардың пікірлері:

Үмітжан: «Рахмет Отбасылық тәрбиелеу орталығы! Сіздерге көп-көп алғыс айтамын!!! Өзіме керемет, өмірде көп қажет болатын ақпараттар алдым. Рахмет көп-көп алғыс!!!».

«Толағай» балалар бақшасының логопед-дефектологы Сәкеева Анар: «Рахмет сіздерге өте пайдалы ақпараттарымен бөлісіп, қолдау көрсеткендеріңізге!».

№61 мектеп-лицейінің психологы Жазылғанова  Данара  Бимұртақызы:

«Мен сіздерге денсаулық, жұмыстарынызға табыс, отбасыларынызға бақыт тілеймін! Рахмет Отбасы Институт ұйымына».

Хасенова Зәуре: «Ата-аналар, педагогтар атқаруы тиіс осындай міндетті атқарып отырған осындай Отбасылық Тәрбиелеу Институтына шын жүректен алғыс айтамын. Бес күн ішінде біз мектепке дейін жастағы бүлдіршіндерді тәрбиелеу, сондай-ақ олардың отбасыларына көмек көрсету бойынша орасан зор білімге ие болдық. Сіздердің берген білімдеріңізге рахмет!!!!

Осы тақырыптар бойынша курстан өткісі келген барлық педагогтар төмендегі телефон бойынша хабарласуларына болады:

8(7172 ) 94 99 61- Өмірова Айнур Оралбекқызы.

Ақпаратты дайындаған: 

А.О. Өмірова.