2014 жылы 11 ақпанда Көкшетау қаласы №1 Қалалық емханасының «Алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі» негізінде «Суицидтің алдын алу бойынша бірлескен қызметті ұйымдастыру» тақырыбында ашық алаң өтті.

 Кездесуге Көкшетау қаласындағы психология және психиатрия саласындағы жетекші мамандар, қалалық медициналық мекемелердің, қалалық Білім басқармасының, Ақмола облысы бойынша Білім басқармасының өкілдері, сондай-ақ Көкшетау қаласының педагог-психологтары шақырылды.

Көкшетау қаласы Отбасылық тәрбиелеу орталығының жетекшісі Ю.И.Сәрсекеева «Ата-аналар жұртшылығымен жұмыс – жасөспірімнің аутодеструктивтік мінез-құлқының алдын алу ретінде» тақырыбында баяндама оқыды.

Ашық диалог алаңының қорытындысы –суицидтің алдын алу бойынша үйлестіру кеңесін құру болды. Көкшетау қаласы Отбасылық тәрбиелеу орталығы оның мүшесіне айналды.

 Автор: Ю. Сәрсекеева