2014 жылы 14 ақпанда Астана қаласындағы Отбасылық Тәрбиелеу Орталығында №20,№42 орта мектеп, №59 мектеп-лицейі, дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейі оқушыларының ата-аналарына арналған «Отбасылық тәрбиелеу стильдері және олардың бала тұлғасының дамуына ықпалы» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингті отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесшілер А.О.Өмірова мен А.С. Щетинина өткізді.

Тренинге психологтар «Отбасылық тәрбиелеу стильдері және олардың бала тұлғасының дамуына ықпалы» слайд-тұсаукесерін ұсынды және «Сіздің отбасыңызда тәрбиелеудің қандай стилі пайдаланылады?» диагностикалық жұмысы мен «Мен қандай анамын?», «Алақандар» жаттығуларын өткізді. 

Ата-аналар сабақтарға белсене қатысып, өздерінің пікірлерін қалдырды:

Әсия: «Тренинг маған қатты ұнады! Біз отбасылық тәрбиелеу бойынша білімдерді меңгердік. Сіздердің жаттығуларыңыз біздің өз балаларымызға және өз отбасыларымызға қатысты қатынасымыз туралы ойлануға мәжбүр етті. Біз сіздердің тренингтеріңізге тағы да келгіміз келеді! Шақырыңыздар!».
Аида: «Мен отбасылық тәрбиелеу стильдері туралы көп малғұматқа ие болдым. Өзімді «Сіздің отбасыңызда тәрбиелеудің қандай стилі пайдаланылады» тесті бойынша диагностикаладым. Осындай пайдалы тренингтеріңіз үшін алғыс айтамын!».
Астана қаласының ата-аталар жұртшылығын 2014 жылы 28 ақпанда өтетін «Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті» тақырыбындағы келесі тренинге шақырамыз.

Ақпаратты дайындаған: А.О.Өмірова