1 наурызда Астанада мемлекеттік жалпы орта және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогикалық мамандарының Біліктіліктерін арттыру жөніндегі IV жоба өзінің жұмысын бастайды.

Осы жылы «Отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші» сертификатына Қазақстанның 308 астам психологтары мен педагогтары және әлеуметтік қызметкерлер мен мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлері ие болмақ. 
15 күн бойы тыңдаушылар зерттеу жұмыстарына қатысады, рефераттар, аттестациялық жұмыстар пен сессия қорытындысы бойынша эсселер жазады, бұдан кейін сертификатты иемденетін болады.

М.В. Ломоносов атындағы ММУ, Психология Ғылыми-Зерттеу Институтының (Алматы) өкілдері, отбасымен практикалық жұмысты зерттеу саласында мол тәжірибесі бар, белгілі мамандар, оқулықтардың және монографиялардың авторлары, отбасы және отбасылық консультациялар мәселелеріне байланысты Халықаралық Қауымдастықтардың мүшелері осы сессияның спикерлері болады:

- Л.Д.Лебедева;
- О.В.Хухлаева ;
- Н.А.Цветкова;
- Г.В.Новикова;
- С.В. Покровская;
- С.В.Кривцова;
- С.А. Попов;
- Ж.И.Намазбаева және т.б. 

Ата-ананың отбасылық тәрбиелеу жөніндегі кәсіби білікті педагог-психологтармен байланысқа деген қажеттілігі күннен-күнге артып келеді. Бұл тұрғыда педагогикалық мамандардың кәсіби біліктіліктерін арттыру мүмкіндігі біздің Институтта бар.

Жобаның ашылуы Астана қаласы Қабанбай батыр даңғылы, 47 үй, «Алау» қонақ үйі, 2 қабат мекенжайында сағат 09.00 өтеді.

Жалпы ақпаратты 8 (7172) 949654 (Набитовская Любовь Николаевна) телефоны бойынша алуға болады.