2014 жылы 10-14 ақпанда «Звездный» БСО негізінде Ақмола облыстық Білім басқармасының қолдауымен «Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтiк проблемаларының республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының» ғылыми қызметкерлері өңірдің жалпы білім беретін мектептерінің психологтарына арналған «Нашақорлық саласы бойынша қатерлі топтарды ерте анықтау, ақпараттық және психологиялық-әлеуметтік жұмыстың технологиясы» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Осы семинар аясында ғылыми қызметкерлер нашақорлық саласы бойынша қатерлі топтағы балалармен диагонстикалық, ақпараттық және психологиялық түзету жұмыстарының жаңа технологияларын көрсетті.
14 ақпанда өткен семинарға Көкшетау қаласы Отбасылық тәрбиелеу орталығының жетекшісі Юлия Сәрсекеева қатысты.