«Өзіңнің балаңды қалай тәрбиелеуге болады?» Осы сауал барлық заманда және барлық ата-аналарды толғандырған. Бұл сауалдың жауабын біреулер ғаламтордан іздесе, енді біреулер таныстарының кеңесіне құлақ асады, тек ата-аналардың аз бөлігі ғана мамандарға жүгінеді.

Баланы тәрбиелеу бұл – әр ата-ана үшін жеңіс. Бірақ әр бала – жеке тұлға және барлық балаларды бірдей, бір ережемен тәрбиелеу мүмкін емес. Олардың әрқайсысына ерекше және дара тәсіл керек. Көбіне ата-аналар бұл міндетті өздігінен шеше алмай жатады.
Тәрбиелеу стратегиясын қалай жасауға болады? Өз балаңа қатысты дұрыс тәсілді қалай таңдауға болады? Астаналық Отбасылық Тәрбиелеу Институты қабырғасында өткен «Бақытты отбасы» 5 күндік семинар-тренингінің тыңдаушылары осы және басқа да сұрақтардың жауаптарын алды.
Семинар барысында қатысушылар балаларды санаттары бойынша тәрбиелеу стилі туралы ақпарат алды, жаңа тәрбиелік ойын тәжірибелерін зерттеді, білім беру мекемелерін және отбасыларын зертеудің заманауи тәсілдерін және көптеген басқа да мәселелерді меңгерді.


Отбасылық тәрбиелеу жөніндегі білікті психологтар Лидия Орлова, Ольга Ханеева, Галина Мякушко және Айнұр Өмірова тренингтің жетекшілері болды.

 

Семинар аяқталған соң, оның барлық қатысушылары отбасылық қатынастар жөнінде консультациялық қызмет жүргізуге рұқсат беретін сәйкес сертификаттарға ие болды.

«Бақытты отбасы» тақырыбындағы семинар-тренинг Отбасылық Тәрбиелеу Институтының қабырғасында әр апта сайын өтіп жатыр. Семинар-тренингке педагогтар, тәжірибеші психологтар мен жас психологтар, ата-аналар және бұл тақырыпқа бей-жай қарамайтын басқа да адамдар қатыса алады.

Анықтама алу үшін телефондар: 8 (7172)94 99 61

Авторы: Ирина Михайлова