Сессияда бізге көптеген маңызды сауалдарды жиі қойып жатады, ал оларға жауап беру біздің құзіретімізге жатпайды. Бұл сауалдар мемлекеттік органдарға арналған. Осы жылы біз қалыптасқан жағдайдан шығудың жолын таптық.

Енді Сессияның әр қатысушысы А4 форматындағы қағазға жазылған, өзін толғандырған кез келген сауалды қоя алады. Ол үшін хатты сессия тыңдаушыларының алдына қойылған арнайы жәшікке тастаса болғаны. Барлық хаттар сәйкес уәкілетті органға тапсырылады. Жауаптары біздің сайтымызда немесе Отбасылық Тәрбиелеу институтының жаңа «Отбасылық тәрбие» журналында жарияланатын болады.