Отбасылық Тәрбиелеу Институты жыл сайынғы «Ұлттық бизнес-рейтингтің» нәтижелері бойынша «Жеке кіріс салығы» аталымында «Сала көшбасшысы-2013» марапатына ие болды.

 

Ұйым тек Астанада ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның бүкіл аумағы бойынша ең үздік атанды. Ұйымдастырушылардың ақпараттарына сәйкес, конкурстың әр қатысушысы меншік көлеміне, түріне, қызмет саласына және өңіріне байланысты бағаланды.  Кәсіпорын туралы деректер түсімінің басты көзі бухгалтерлік баланс, кірістер мен шығындар туралы есеп, капиталдың өзгеруі туралы есеп пен ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп болып табылады.  Өндіріс ауқымының көрсеткіштері мен төлем қабілеттілігі, ресурстарды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері, кәсіпорынға қосқан әлеуметтік үлес, сондай-ақ инвестициялық тартымдылық көшбасшыны таңдаудағы басты критерийге айналды.

 Қазақстан Ресспубликасының экономикасына қосқан жеке үлесі үшін Отбасылық Тәрбиелеу Институтының Бас директоры Евдокимова Софья Львовнаға «Қазақстан даңқы» атаулы ордені табыс етілді. Сонымен қатар кәсіпорынның екі үздік қызметкері республикалық маңызы бар марапаттарға ие болды: Институттың бас бухгалтері Семенова Лейла Гайдаровна «Жыл маманы-2013» сертификатының басты иегеріне айналса, ал Институт директоры Набитовская Любовь Николаевна  еңбек қызметіндегі «Тиімділігі үшін» медалімен марапатталды.



Авторы: Ирина Михайлова