2014 жылы 14 наурызда №9 дарынды балаларға арналған мектептің ұстаздары психоэмоционалдық жағдайды  босату бойынша тренингтің қатысушыларына айналды. «Отбасы»  (Астана қ) Отбасылық Тәрбиелеу Орталығының директоры Айнұр Өмірова іс-шараның спикері болды.

«Мұғалім бұл – менің мамандығым ғана емес, бұл – менің өмір салтым»,-деген екен данышпан.  Ұстаз еңбегінің өз қызығы да, қиыншылығы да мол. Мұғалімдер тек мектепте ғана жұмыс істеп қоймай, олар өз жұмыстарын үйде де жалғастырады. Дәптер тексереді, келесі күннің сабақ жоспарын әзірлейді, сыныптан тыс сабақтар жоспарын жасайды. Осылай жұмыс істеу салдарынан бірнеше жылдардан кейін көптеген ұстаздарда психоэмоционалдық жағдайлары асқынып жататын кездер де болады.

Көптеген аурулардың жүйке жүйесінің тозуы салдарынан болатыны ешкімге құпия емес. Ресей ғалымдарының деректеріне сүйенсек, мұғалімдер ортасында жиі кездесетін аурулар  қатарында: тыныс алу органдарының (26,1%); қан тамырлары жүйесінің (17,9%); ас қорыту органдарының (15,3%); жүйке жүйесінің (12,1%) аурулары мен жұқпалы (11,9%) аурулар бар.

Ұстаздар қауымын аталып өткен аурулардан сақтандыру мақсатын басшылыққа ала отырып,  сондай-ақ олардың эмоционалдық жағдайларын айтарлықтай жақсарту үшін аталмыш тренинг өткізілді. Тренинг барысында «Шыныға гуашьпен сурет салу», «Қуыршақ терапиясы», «Лабиринт» әдістемелері қолданылды.  Аталып өткен тәжірибенің барлығы шиеленістерді және стрестерді босатуға бағытталған, сондай-ақ оң пікірді қалыптастыру мен жалпы өмірлік стратегияны дамытуға мүмкіндік жасайды.

Семинардың қорытындысы бойынша психолог  көптеген  оң пікірлерге ие болды. Соған қарағанда, ұстаздар риза болды-ау деген ой туындайды.

Ғалия Шоқатова: «Бүгін мен осы тренингке қатысқаныма қуаныштымын. Тренингтен алған әсерім тамаша! Тренингтен кейін бойыма күш-қуат алып шықтым. Бүгіннен бастап афирмациялар жазатын боламын. Маған тренинг барысында психологтың  қандай күйзелістердің ауруға әкеп соқтыратындығы туралы айтқаны ұнады. Енді мен мұны үнемі жадымда ұстайтын боламын. Осындай тамаша тренинг үшін алғыс айтамын!».

Асхат Асхат: «Мен психолог өткізген осы тренинг үшін зор алғыс айтқым келеді! Алдағы уақытта да сіздердің шиеленісті босату бойынша басқа да тренингтеріңізге міндетті түрде қатысатын боламын. Жұмыстарыңызға өркендеу мен шығармашылық табыстар тілеймін!».

Автор: Ирина Михайлова
Ақпаратты дайындаған: Айнұр Өмірова