13 наурызда Отбасылық Тәрбиелеу Орталығында «Ертегі терапиясы» тренингі өтеді. Кез келген адам оған қатысушы бола алады.

Ертегі терапиясы немесе Ертегімен емдеу бұл – шығармашылық қабілеттерді дамыту, сананы кеңейту, қоршаған әлеммен өзара әрекеттестікті жетілдіру әдісі.

Ересек адамға психологиялық кеңес қаншалықты қажет болса, балаға ертегіні уақытында айта білу де соншалықты маңызды. Айырмашылығы тек мынада, баладан оның бойында болып жатқан өзгерістерді  сыртқа шығарып айту мен оны талдау талап етілмейді: жұмыс ішкі түйсік деңгейінде өтеді.

Семинардың қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға семинардан өткені туралы сәйкес сертификаттар табыс етіледі. 

Толыққанды ақпарат алып, тренингке жазылу үшін 8 (7172) 94 99 61 (Айнұр Өмірова) телефонына хабарласуға болады.